«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әлемдегі ең алып елдің бірі Олимпиада ойындарына қатыспаса, ойынның қызығы болмайды - Болат Жұмаділов

Әлемдегі ең алып елдің бірі Олимпиада ойындарына қатыспаса, ойынның қызығы болмайды - Болат Жұмаділов
ашық дереккөз
Әлемдегі ең алып елдің бірі Олимпиада ойындарына қатыспаса, ойынның қызығы болмайды - Болат Жұмаділов
Әлемдегі ең алып елдің бірі Олимпиада ойындарына қатыспаса, ойынның қызығы да болмайды. Бұл туралы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996, 2000) Болат Жұмаділов ҚазАқпарат ХАА берген сұхбатында мәлім етті. «Ресей Олимпиада ойындарына қатыспайды дегенді естігенде қатты таңғалдым. Бұлай болуы мүмкін емес қой. Ресей - әлемдегі алып елдердің бірі. Олимпиада ойындарында АҚШ пен Қытайдың басты қарсыласы. Егер көршіміз Риоға бармаса, Олимпиада ойындарының да қызығы болмайды», деп атап өтті танымал боксшы. Сондай-ақ, кешегі Халықаралық олимпиада комитетінің шығарған оң шешімін естіп қайта қуанып қалғанын да жасырмады. «Кеше Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах допинг дауы үшін Ресейдің барлық спортшылары жауапкершілікті көтеру тиіс екендігін, сондай-ақ Ресейдің «таза» атлеттеріне адал екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік бергенін, Ресей атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар қабылдайтынын естіп қуанып қалдым», - деді Болат Жұмаділов. Сонымен бірге танымал боксшы спортшылардың допингті қасақана қолданбайтынын да қадап тұрып айтты. «Мен биылғы Халықаралық олимпиада комитетінің допинг дауымен спортшыларды жарыстан шеттетіп жатқанын түсінбедім. Кез-келген спортшы қасақана допинг қолданбайды. Спортшылардың қанын тексергенде күнделікті жеген тағамдары мен ішкен ас-сорпаларынан да әр түрлі дәрумендер әсер етуі мүмкін. Себебі, бүгінгі таңда табиғи таза өнім жоқ. Сондықтан, қандағы сәл өзгерістің бәрін допинг деп қабылдап, спортшылардың тамырына балта шабуға болмайды», - деді Жұмаділов. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін шетелдік басылымдар Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл Ресей құрамасын «мемлекеттік допингтік бағдарламасы» үшін жазалап отырғанын, ал ХОК-тың ұстанымы «допинг - спорт атаулыға жасалған шабуыл» екенін алға тарта отырып, ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарынан шеттететіні туралы жарыса жазған болатын. Тіпті, ақпарат көздері Ресей спортшыларын тек Риодан ғана емес, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Ұқсас жаңалықтар