«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызмет

Реформалаудың жаңа кезеңі басталып кетті

ҚР Президентінің Жарлығымен 2011 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы қабылдануына байланысты мемлекеттік қызметті реформалаудың жаңа кезеңі басталып кетті. Бұл ретте іріктеу мен мансаптық қозғауды тек қана ашықтық пен демократиялық әдіс негізінде жүргізу, яғни олардың сіңірген еңбегі мен лайықтылығын ескере отырып, меритократиялық қағида негізінде, жетілдірілген мемлекеттік қызмет үлгісін жасақтау қажеттілігі тұрды.

Меритократия қағидатына негізделген жаңа қазақстандық мемлекеттік қызмет үлгісі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы күшіне енген күннен бастап шын мәнінде жұмыс жасай бастады. Аталған Заңда кадрларды іріктеу мен мансаптық қозғауда (сіңірген еңбегіне мән беру) меритократия қағидасын күшейту, басқарудың «А» корпусын құру, персоналды басқару тетіктері мен институтын жетілдіру, кадрлық қызметтің құзыреті мен мәртебесін көтеру, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметшінің мәдениетін жетілдіру сияқты мәселерге басымдық берілді. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға енгізілген өзгерістердің бірі – облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кадр қызметін персоналды басқарудың бірыңғай қызметі мен бірыңғайландырылған тәртіптік комиссиялар құруға жол ашу болып табылады. Тәртіптік комиссия – қызметтік тексеру материалдарын қарау, теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеу және қызметшілерге қатысты, оның ішінде тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны немесе Ар-намыс кодексiн бұзғаны үшін қызметшілерге қатысты жаза шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатымен мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган. Заңнамаға енген норма біріншіден тәртіптік комиссияларды алқалы орган ретінде бекітіп отыр, екіншіден тәртіптік комиссияларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және Ар-намыс кодексін бұзу фактілерін қарау құқығы берілді. Сондай-ақ, тәртіптік комиссиялардың Тәртіптік кеңеспен ара- жігін, міндеттерін айқындады. Еліміздің қолданыстағы заңнамасына байланысты ендігі жерде жергілікті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары мүшелері тәртіптік жазаға тартылғалы тұрған мемлекеттік қызметшінің өз міндетін қалай атқарып жүргендігінен хабардар болғандықтан берілетін жазаның түрін айқындаған кезде оның теріс қылығының мазмұны мен сипатын, жаңсақ қадам жасаған кездегі мән-жайын, теріс қадамына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін келеңсіз зардаптарды, оны жасаған адамның бұрынғы мінез- құлқын, мемлекеттік қызмет өтілін, қызметшінің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайларды жете біледі, сондықтан әділ шешім қабылдайды деп күтілуде. Ал, осы аталған мүмкіндіктер бұған дейін жергілікті жерлерде пайдаланыла бермейтін. Мысалы: Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы, лауазымын төмендету және атқаратын лауазымынан босату түрiндегi тәртіптік жазалар жүргiзiлген қызметтiк тексеру нәтижелерiнің қорытындысына сәйкес комиссияның тиiстi ұсынымдары бойынша қолданылдануы тиіс. Алайда, Тәртіптік кеңес тарапынан жүргізілген тексерулер аталған талаптың орындала бермейтіндігін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының жиі бұзылатынын, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қызметтік тексеру жүргізбестен берілетінін көрсетуде. Мұндай кері тенденцияның тәртіптік кеңес хатшылығының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарлы тексеруі барысында, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде орын алғандығы анықталды. Сондай-ақ, облыс бойынша аумақтық жер инспекциясында, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде қызметкер елеусіз теріс қылықтарға жол бергендігі жөніндегі кемшілігін мойындап отырса да оның ісі тәртіптік комиссияда қаралған. Керісінше, сот актілерін орындау департаментінде елеулі теріс қылыққа жол бергендерге тәртіптік комиссия «бұрын берілген жазамен шектелу» немесе «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынған. Кейбір сот орындаушылар бір жылда бірнеше рет құқық бұзушылық қадамдар үшін тәртіптік комиссияда қаралса да тек сөгіс алумен құтылып отырған. Міне, мұндай қалыптасқан жағдайда әрине, тәртіптің түзелмейтіні анық. Әкелетін нәтижесі де белгілі. Тәртіптік кеңесте 2013 жылы 8 сот орындаушының тәртіптік ісі қаралып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жаза алған, 2 сот орындаушы сыбайлас жемқорлығы үшін атқаратын қызметтерінен босатылған. Аталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Тәртіптік кеңес тексерілген мемлекеттік органдарға жіберілген заң бұзушылықтарды болдырмаудың іс-шарасын жасап, оны жіберген мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар берді. Жоғарыда келтірілген фактілер мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыстарын әлі де жандандыра түсуі керек екендігін көрсетеді. Тәртіптік комиссиялардың жұмысын үйлестіру мақсатында Тәртіптік кеңес тарапынан жоспарлы шаралар өткізіліп отырады. Нақтылап айтсақ, 2013 жылғы қыркүйек айында аудандық тәртіптік комиссиялардың жұмысы, 2014 жылғы қаңтар айында облыстық басқармалардың тәртіптік комиссияларының жұмысы талданып, Тәртіптік кеңесте қаралып, жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді. Сонымен бірге, тәртіптік комиссиялардың жұмыстарын жандандыру мақсатында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялар төрағалары мен персоналды басқару қызметтері қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер өткізіліп отырады.

Сенімхан Жексенбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің инспекция және бақылау бөлімінің консультант-инспекторы.

Ұқсас жаңалықтар