Спорт және туризм
Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2016
- 636
Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?
Рио олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарысты ең бірінші қай спорт түрінен бастайтыны белгілі болды.
Олимпиаданың алғашқы күні жергілікті уақытпен 08:30-да (Астана уақытымен 17:30) академиялық ескек есуден ерлер мен әйелдер арасында жекелей жарыстар басталады. Онда бірінші болып ерлерден қазақстандық Владислав Яковлев жарыс жолына шықса, әйелдер арасынан Светалана Германович жарысты бастайды.
Ал Олимпиада ойындарының ең соңғы күні финалға дейін сүрінбей жететін болса, боксшыларымыз соңғы болып аяқтайды. 21 тамыз жергілкті уақытпен 14-де (Астана уақытмен 23:00) бокстан 52, 64, 75 және +91 келі салмақтағы боксшылар алтын жүлдеге таласуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұл салмақ дәрежелерінде қазақ боксшыларынан Олжас Сәттібай (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) және Иван Дычко (+91 келі) бар.
Ақпарат көзі :ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




