Сыбайластықтың жолын кесетін стратегиялық жоспар

Сыбайластықтың жолын кесетін стратегиялық жоспар
ашық дереккөз
Сыбайластықтың жолын кесетін стратегиялық жоспар

13820807_1749630998651968_150627410_nЕрік Көшербаев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы заманауи және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Дамуды көздейтін кез-келген мемлекет жемқорлыққа қарсы. Себебі, қоғамды іштен ірітетін індет, түптің түбінде тоқырауға ұшыратады. Сол үшін дамыған елдерде сыбайластықтың жолын кесу үшін арнайы жоспар жасалған. Біздің елімізде «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданған. Сонымен қатар, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында биылдан бастап қолданысқа енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заң бар. «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңда да сыбайластыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі талаптары айқындалған. Онда мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейтетін іс-қимылдардың тәртібі көрсетілген. Бұл – Ұлт жоспарынан туындаған талаптарды жүзеге асыруға құқықтық мәртебе беретін құжаттар. Біз аталған заңнамалар шеңберінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015–2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы-ның Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментімен бірлесіп мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіттік. Қазір басқармада осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Жоспарға сәйкес басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық оқудың кестесі жасалып, мамандар оқуға жіберілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ережесінің талабына сәйкес, басқарма қызметкерлері даярлаудан өтіп және қайта даярлау курстарына жіберіліп тұрады. Басқарма қызметкерлері тұрғындардың шағым-талаптарын елеусіз қалдырған емес. Азаматтарға қажетті ақпараттар қолжетімді болуы үшін басқарманың интернет-сайтында құрылым және басшылықтың жеке қабылдау өткізетін күні мен уақыты, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысты мәліметтердің барлығы орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айдары ашылып, ақпараттар мемлекеттік және ресми тілде берілген. Осы айдар бойынша жарияланған мәлімдемелер қажеттілігіне сәйкес жаңартылып отырады. Басқарманың интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011–2020 жылдарға арналған» бағдарламасы, облыс бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін коммуналдық қызметтерге есептегіш құралдар орнатуы туралы ақпарат, сонымен қатар, жанар-жағармайдың таратылуы туралы мәлімет жарияланған. Жүргізілген көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары және ыстық сумен қамтамасыз ету туралы сала қызметіне байланысты хабарландырулар берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында елді мекендердегі тұрғындардың алдында есеп беруді қолға алдық. Есеп беру жиындары арнайы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп тұрады. Басқарманың «Сенім телефоны» 8 (7262) 43-70-85 нөмірі басылым беттерінде және интернет-ресурста жарияланған. Мекемеде көрнекті ақпарат бұрышына жазылып, көрсетілген. Осы жұмыстарды атқару жауапты тұлғаға жүктелген. Басқармадағы сенім телефонына, жеке және заңды тұлғалардың қабылдау жүргізуіне жауапты тұлғалар бұйрық негізінде бекітілген. Дәлізге ілінген арыз-шағымдар мен ұсыныстар жәшігі де күнделікті қаралып отырады. Соның нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (арыздары) бақылауға алынып, уақтылы қаралып, өтініш иелеріне жауап берілуде. Жалпы, бүгінге дейін қызметкерлердің үстінен жеке, заңды тұлғаларға дөрекілік мінез көрсетті деген шағым түспеген. Сыбайлас жемқорлық туғызатын факторлар тіркелмеген. Басқармаға келіп түскен өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылғы 30 мамырдағы №20 бұйрығы бойынша бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу» ережесіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтері, сондай-ақ бұрын тіркеліп, ағымдағы айда шешім қабылданған өтініштер бойынша жиынтық мәліметтері электрондық форматта (АИС «ЕУОЛ») облыс бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына мерзімінде ұсынылып отырады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма қызметкерлері салық органдарына жылдық табысы және мүлік туралы декларацияны уақтылы тапсырады. Біз заңнамалардың толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз.

Ұқсас жаңалықтар