Жамбылдық боксшы халықаралық жарыста топ жарды
Ағымдағы жылдың 11-16 шілдесі аралығында Херсон (Украина) қаласында бокстан Кеңестер Одағына еңбегі сіңген спорт шебері Николай Мангер атындағы "А" санатындағы Халықаралық Мемориал өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарысқа Белоруссия, Израил, Камерун, Молдава, Румыния, Грузия, Қазақстан және Украина мемлекеттерінен барлығы 100-ден аса спортшы қатысты. Жамбыл облысынан барлығы 3 спортшы қатысып, нәтижесінде 60 келі салмақ дәрежесінде Сәрсенов Мирас-Әли І орын және 56 келі салмақ дәрежесінде Бескемпіров Әлімжан ІІІ орын иеленді.
Сондай-ақ, Сәрсенов Мирас-Әли жарыстың "Ең үздік боксшысы" атанды. Аға жаттықтырушы -Көпболсын Сыдығалиев.
Аталған спортшылар М. Х. Дулати атындағы ТарМУ студенттері болып табылады.


Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




