Спорт және туризм
Әзірге Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 104 лицензия алды
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2016
- 723
Әзірге Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 104 лицензия алды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Жазғы Олимпия ойындары жақындап келеді. Осы күнге дейін Қазақстан дүбірлі додаға спорттың 26 түрінен 104 лицензия алды. 102 спортшыда лицензия бар. Екі спортшының лицензиясы халықаралық жеңіл атлетика федерациясының отырысында шешіледі. Бір айта кететін нәрсе, елімізде командалық спорт түрінен лицензиялар жоқ.
2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға елімізден спорттың 20 түрінен 115 спортшы қатысса, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жарыстың 22 түрінен 132 спортшы бақ сынасты. 2004 жылы Афинада өткен Ойындарға спорттың 17 түрінен 119 отандасымыз қатысса, 2000 жылы Сиднейде 130 спортшы, 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 96 спортшы күш сынасты. Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




