- Advertisement -

мешкей деген жақсы ат емес

137

- Advertisement -

Рахым Мыңбаев,
облыс бойынша қазынашылық департаментінің басшысы.

Жемқорлыққа қарсы күрес – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін өз өкілеттіктерін пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы сыбайлас жемқорлық көрінісі деп көрсетілген. Жемқорлық сипатындағы жең ұшынан жалғасқан «ымырашылдық» әрекеттер экономиканың дамуын төмендетеді және мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдында беделін түсіреді. Адал және әлеуметтік бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас жемқорлық – әсіресе, мемлекеттік билік органдары үшін қауіпті құбылыс. Сыбайласып алған «сыйлық» билік монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді. Шенеуніктер қатал құқықтық есеп бере алмайтын жағдайға тап болады. Бұл өз кезегінде экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмысқа жол ашады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайластық қоғам үшін әлеуметтік қасірет. Сондықтан болар, бұл құбылыс саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатады. Сол үшін дамыған және дамушы мемлекеттер қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, одан әрі ушықтырмай, осы дерттің таралуын тоқтатқысы келеді.
Сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік қызметшілер немесе соларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық дәрежелерін қолданып, мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Бұл қадам тек тоқырауға ұшыратады. Сондықтан, жас ұрпаққа тек адал еңбек қана табыстылықтың, үлкен жетістіктердің, білімнің және материалдық жетістіктің басты өлшемі екенін ұғындыруымыз керек. Біз тұрғындардың заңдарды жетік білуіне және бұлжытпай орындалуына атсалысып, бағдарламада көзделген іс-шараларды өз деңгейінде орындайтын болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылымыздың тиімділігі арта түседі. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Алайда, өз ісіне селқос қарап, жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметшілер осы әрекеттерімен жұрт сеніміне селкеу түсіруде.
Сыбайлас жемқорлық халықаралық саяси аренада елдің жағымсыз имиджін қалыптастырады, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық. Өкініштісі, біздің қоғамда пара бергісі келіп тұратындар мен пара алудың жолын іздейтіндер азаймай отыр. Оны тоқтатудың жолы пара беру де, пара алу да пайдалы емес екенін түсінетіндей, бұл әрекет үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыру қажет.
Қазақстан – ТМД аумағындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң қабылдаған бірден-бір мемлекет. Елімізде әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан-жылға өсе түсуде. Мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлер мен мемлекеттік қызметшілер заңмен белгіленген шектеулер бойынша жақын туыстарының өздеріне тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаруына жол бермеуі керек. Заңда азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін белгілі мерзімде қарау, тексеру комиссиясында «сенім телефонының» қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу үдерістерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға сәйкес өткізу, ықтимал өнім берушілерге заңсыз артықшылықтар көрсетпеу, төлемдер жүргізу кезінде нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мөлшерден артық төлемдерге, сондай-ақ негізсіз қаржы аударымдарына жол бермеуі қажет екені көрсетілген.
Жалпы, бюджет қаржысын бағытталған мақсатқа дұрыс жұмсай білу шағын ұйым мен мекеме, арғы жағы ірі мемлекеттік құрылымдар үшін өркендеп өрістеудің адастырмас жолы деуге болады. Қандай ел болмасын, қаражатын үйлестіре білмесе дами алмайды. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік рухында тәрбиелеу мақсатында ғаламтор мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда. Жастар ең көп пайдаланылатын «Facebook», «Twitter», «Vkontakte», «Іnstagram» әлеуметтік желілерінде департаменттің арнайы парақшалары ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат саласындағы жаңалықтармен ұдайы таныстырылуда.
Департаментте азаматтардан түскен арыз-шағымдар уақтылы қаралып отырады. Ол үшін қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінде арнайы жәшіктер және сенім телефондары орнатылған. Біздің мекемеде «Персоналмен жұмыс істеу бөліміне» қоңырау шалған нөмірді анықтап, дыбысты жазып алатын құрылғы орнатылған.
Сыбайлас жемқорлыққа жұртшылық немқұрайды қарамай, оның алдын алу шараларына үлес қосса, осы «індеттен» құтылар едік. Жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей-тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықты үдете түседі. Ал бұл өз кезегінде мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдық тұрғысынан құлдыратады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support