Қазір әлемдегі ең қымбат қорғаушы бразилиялық ойыншы Давид Луис болып тұр. Ол «Челси» сапында Еуропа лигасының, Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған ойыншы. «ПСЖ» футбол клубының арнайы сайтында клуб Давид Луис үшін қанша ақша төлеуге дайын екендігін мәлімдеді. Сайттағы хабарламаға сенсек, француздар Луис үшін 50 миллион фунт беруге әзір. Енді 27 жастағы қорғаушы трансферлік маусым басталғанда Франция елі командасының қатарына қосылады. Бұған дейін қымбат қорғаушылардың көшін Тиагу Сильва бастап келген. «Милан» клубында өнер көрсететін Сильваның құны 36 миллион фунтқа бағаланса, Ал, «Манчестер Юнайтед» клубындағы Рио Фердинандқа («Лидс») 33,1 миллион фунт төленген.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




