Танымал байкер Дмитрий Петрухин Олимпиада спортшыларын қолдап шеру жасады

Танымал байкер Дмитрий Петрухин Олимпиада спортшыларын қолдап шеру жасады
ашық дереккөз
Танымал байкер Дмитрий Петрухин Олимпиада спортшыларын қолдап шеру жасады
Бүгін әлемге танымал байкер Дмитрий Петрухин Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Олимпиада және паралимпиада спортшыларын қолдау мақсатында Павлодар қаласында шеру жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев спортшыларға Рио-де-Жанейрода өтетін байрақты бәсекеде сәттілік тіледі. " Барша Қазақстанның үмітін арқалап, додаға дайындалып жүргендерге тек жеңіс тілеймін", - деді Мейрам Бегентаев. Өз кезегінде мотобайкер Дмитрий Петрухин павлодарлық жұртшылықпен қауышқанына ризашылығын жеткізді. - Бұл акция 6 шілде күні Алматыдан басталды. Кеше Семей қаласында болдым. Бүгін Павлодар қаласында шеру жасап, кешкісін Екібастұзға жол жүремін. Киелі қалада бірнеше күн жүруге де болатын еді, алайда маған 5 тамызға дейін үлгеру қажет. Себебі, сол күні барлық халық теледидардың алдына отырып, спортшыларға қолдау көрсету керек. Қазақстан бар әлемге өзінің мықтылығын дәлелдей білу керек. Тек қана алға! - деп сөзін аяқтады Дмитрий Петрухин. Кездесу барысында Мейрам Бегентаев байкерге естелік кітаптарын сыйға тартты.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.

 

Ұқсас жаңалықтар