Қытайда ата-анасы дүние есігін ашқан төртемді Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деп атады

Қытайда ата-анасы дүние есігін ашқан төртемді Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деп атады
ашық дереккөз
Қытайда ата-анасы дүние есігін ашқан төртемді Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деп атады
Қытайлық  Жичжао қаласында төртем дүниеге келді. Оларды ата-анасы  Сяодун (Шығыс), Сяонань (Оңтүстік), Сяоси (Батыс) және Сяобэй (Солтүстік) деп атады. Сәбилердің анасы 27 жастағы Ли Цзюань мен оның жары балалы болуды бұрыннан армандаған. Олар отасқалы бірнеше жыл болды, алайда Ли Цзюань бала көтере алмады. Дәрігерлердің нұсқауымен қытайлық дәрілік препараттарды қабылдай бастады. Сөйтіп өткен жылдың қарашасында жүкті болды. Жүктіліктің тоғызыншы аптасында оларға төртем туатынын айтқан. Сөйтіп 4 шілдеде ,жүктіліктің 33-ші аптасында екі қыз бен екі ұл дүниеге келді. Олар мерзімінен бұрын туды. Ең кішкентайының салмағы шамамен 1,75 кг болды. Енді шақалақтар бір айдай интенсивті терапия бөлімшесінде болмақ, деп жазды  informing.ru.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Ұқсас жаңалықтар