- Advertisement -

Қарағанды облысында төрт жасар бала жол апатынан соң тұл жетім қалды

98

- Advertisement -

Қарағанды облысында төрт жасар баланың отбасындағы бес адам мен көлік жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан қаза болды. Көлік апатына ұшыраған балақай есін жиды, алайда ол ата-анасынан айырылғанынан бейхабар. Бұл туралы NUR.KZ Балқаш емханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында төрт жасар бала жол апатынан соң тұл жетім қалды

«Ер бала есін жиды. Жарақаттары өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ол палатаға ауыстырылды», – дейді орталық емхананың дәрігерлері.

Балақай жол апаты салдарынан бір жасар інісін және бес адамнан құралған бүтін отбасын жоғалтты. Қаза болған тағы бір ер адам олардың отбасынан емес. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шыққан.

«Бала психологиялық көмекке зәру. Қазір оған туысқандары бас-көз болуда», – дейді дәрігерлер.

Астанадан бет алған бес адамнан құралған отбасы тоғызыншы шілде күні сағат 11:30-да «Лексус» көлігінің дөңгелегі бұзылған соң жол апатына ұшыраған болатын. Балқаш маңындағы Гүлшат ауылына жақын тас жолында болған жол апаты алты адамның өмірін жалмаған. Қаза болғандардың ең жасы – бір жаста.

«Адам өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Ақпарат көзі: Гу-гу ақпараттық портал

Дереккөз: Nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support