Техникалық бақылаушылар тобының шешімі бойынша ол Франция құрамасының ойыншысы – Антуан Гризманн. «Антуан Гризманн әр матчта өзінің қарсыластарына қауіп төндірді. Оның техникасы өте мықты және ол командалық ойыншы. Техникалық бақылаушылар бірауыздан турнирде ол ең мықты футболшы болды деген пікірде», - делінген УЕФА сайтында. 25 жастағы Гризманн турнир барысында 6 гол салып, екі рет голға доп шығарған. Германиямен жартылай финалда неміс құрамасының қақпасына екі голды салған да сол. Сондай-ақ Ирландия құрамасымен 1/8 финалда тағы бір гол соқты. Бұған қарамастан, Португалия құрамасымен финалдық матчта Гризманн ерекшелене алмады. Футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусымнан 10 шілде аралығында өтті және финалда португалиялықтар француздарды 1:0 есебімен ұтты. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




