EUROКОРОЛЬ! «РЕАЛ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН ҰТТЫ

EUROКОРОЛЬ! «РЕАЛ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН ҰТТЫ
ашық дереккөз
EUROКОРОЛЬ! «РЕАЛ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН ҰТТЫ

Финалда «Реал» қосымша уақытта «Атлетико» қақпасына үш гол салды.

Бірінші таймның отыз алтыншы минутында «Атлетико» сапынан Годин есеп ашқан. Бұл жерде «Реал» қақпашысы Касильяс қателесті. Таблодағы бұл нәтиже тоқсаныншы минутқа дейін сақталды. Кейін матч төрешісі Кайперс негізгі уақытқа бес минут қалғанда Серхио Рамос бұрыштамадан келген допты баспен соғып, есепті теңестіріп кетті. Кейін матч қосымша уақытта жалғасып, 110 минутта Бэйл баспен ЧЛ финалындағы алғашқы голын салды. 118 минутта Марсело есепті еселеді. 120 минутта Роналду пенальтиден есепті 4:1-ге жеткізді.

2

Бұл «Реалдың» ЧЛ оныншы жеңісі және мадридтік команда 2002 жылдан кейін бұл сынды ұтып отыр.

Анчелотти Чемпиондар лигасында 2003, 2007 жылдары «Миланмен» жеңіске жеткен. Алғаш рет ЧЛ финалында бір қаланың командасы ойнады.

«Реал» (Испания) – «Атлетико» (Испания) – 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

Гол: Годин, 36 (0:1). Серхио Рамос, 90+3 (1:1). Бэйл, 110 (2:1). Марселу, 118 (3:1). Криштиану Роналду, 120 –  пенальти (4:1).

«Реал» (Мадрид): Касильяс, Карвахаль, Серхио Рамос, Варан, Фабиу Коэнтрау (Марселу, 59), Модрич, Хедира (Иско, 59), Ди Мария, Бэйл, Бензема (Мората, 79), Криштиану Роналду.

«Атлетико» (Мадрид): Куртуа, Хуанфран, Миранда, Годин, Филипе Луис (Алдервейрелд, 83), Рауль Гарсия (Соса, 66), Тиагу, Габи, Коке, Диегу Коста (Адриан, 9), Вилья.

Ескерту: Рауль Гарсия, 27. Серхио Рамос, 27. Хедира, 45+1. Миранда, 53. Вилья, 72. Хуанфран, 74. Коке, 86. Габи, 100. Марселу, 118. Годин, 120. Криштиану Роналду, 120+1. Варан, 120+3.

Төреші: Кайперс (Голландия).

Лиссабон. «Эштадиу да Луж».

Ақпарат көзі: www.alaman.kz

Ұқсас жаңалықтар