- Advertisement -

Головкин: Орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмеймін

86

- Advertisement -

Геннадий Головкин орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.

«Менің мақсатым бар — орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеудің иегері болу. Осы мақсатқа жету үшін қолдан келгенін жасаймын. Қазіргі салмақ дәрежемде жақсы боксшылар, чемпиондар бар. Менің ой-ауаным да, мақсатым да осы жайлы. Мұны жүзеге асырмайынша, жоғары көтерілмеймін», — деп білдірді пікірін Геннадий Головкин.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының төрт титулы бар. Ол WBA және IBO титулын бұрын алған. Ал өткен жылы Давид Лемьеден IBF белбеуін тартып алды. Ал Сауль «Канело» Альварес бас тартқаннан кейін GGG WBC белбеуінің заңды иегері атанды. Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 10 қыркүйекте Ұлыбританияда ағылшын боксшысы Келл Брукке қарсы өткізеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support