Тараз қаласы
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның жеңісіне байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтің құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2016
- 107
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның жеңісіне байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтің құттықтауы
И.Кәрімов жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі өкілеттік жүктелген осындай өкілді органда мүшелік ету Қазақстанның халықаралық аренадағы биік беделінің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуы болып саналатынын атап өткен.
«Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде Қазақстан БҰҰ институттары мен органдарын жетілдіру үшін, оның жалпыға ортақ тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін нығайту үшін барлық жағдайды жасайтынына нық сенімдімін», – делінген жеделхатта.
И.Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, жұмысына табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ән мен жырдың киесі
- 4 сәуір, 2024
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді