Елбасы бекіткен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 72-қадамында қаржы орталығында ресми тіл ретінде ағылшын тілі таңдалғаны айтылған. Сондықтан, ел ертеңі – жастарға бірнеше тілді меңгерудің пайдасы бар. Сондай-ақ, Президент «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы болып қала береді» деді. Бұл талап қазақ халқының «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген қанатты сөзімен үндесіп жатыр.
«Үш тұғырлы тілдің» шын мәнінде мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Мәселе сол стратегияны, саясатты дұрыс жүргізуде болып отыр. Айталық, орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орындарында ағылшын мен орыс тілі қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тіл» тек мәдениетаралық қатынас негізінде ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. Елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, әрбір ұлт өкілдеріне өз тілдерінде сөйлеуге де еркіндік берілген. Бірақ, ол тілдер үш тұғырдың қатарына төртінші немесе бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлт өкілінің өз ана тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндігі болуы – қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге бейбіт ел ретінде таныламыз. Билік үш тілді үйрену аясын бір сызықтың бойына емес, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп, мемлекеттік тілдің бірінші кезекте дамуын қадағалайды. Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесін көре алады. Елбасы «Қазақстан–2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиісті міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл – өте дұрыс қадам. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шетелдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Сондықтан көп тіл білу заман талабы екенін түсінетін кез жетті. Өскелең уақыт осыны талап етіп отыр.
Динара Асанова, аудан әкімінің орынбасары.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді