«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Вольф Мессинг. көріпкелдің құдіреті

Вольф Мессинг.  көріпкелдің құдіреті
ашық дереккөз
Вольф Мессинг. көріпкелдің құдіреті
yasnovidenie Вольф Григорьевич (Гершикович) Мессинг 1899 жылы 10 қыркүйекте Польшада дүниеге келген.Эстрада әртісі (менталист), КСРО-да «адамдардың ойын оқу» психологиялық тәжірибелерімен өнер көрсеткен, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі. Былайша қарағанда, соншалықты ерекше ештеңе жоқ секілді. Алайда, оның өміріне, көріпкелдік қасиеті мен маг ретіндегі өнеріне тереңірек үңілген кез-келген адам таңғалмауы мүмкін емес. Адамдардың «ойларын оқи білген» әйгілі эстрада әртісі Вольф Мессинг болашаққа біраз болжам жасап кеткен. Танымал тұлға уақыт пен кеңістікті кесіп өтіп, оның бойында нендей ірі оқиғалар болатынын дәл болжап отырған. Оны Германия Кеңес Одағына соғыс ашса, жеңіліс табады дегені үшін Гитлер қалайда қолына түсіріп жазалағысы келді. Мессинг Польшадан қашып, КСРО жеріне жеткеннен кейін Иосиф Сталинмен кездесті. Көріпкел оған Екінші дүниежүзілік соғыстың қашан бітетінін өте дәлдікпен айтып берген. Әрине, Сталин ешкімнің сөзіне сенбейтін еді. Әсіресе, Польшадан шыққан көріпкелдің сөзіне. Сөйтіп ол Мессингті сынап көрмек болады. Оған КСРО мемле-кеттік банкінен ешқандай чексіз неғұрлым көп сомада ақша алып шығу тапсыры-лады. Ал көріпкел қасында бақылаушы бірнеше адаммен бірге банкке кіріп, қарапайым қойын дәптердің парағын қолдана отырып ол жақтан жүз мың рубль алып шығады. Әрине, сынақтан кейін қауіпсіздік қызметкерлері банк басшысына соманы толық қайтарады. Ал ол мұндай келеңсіздікке жол бергеніне өзі сене алмай инфаркт алады. Алайда, Сталин бұл бір сынақпен шектеле салмайды. Ол өзінің барлық қарауылдарына Мессингті жеке кабинетіне еш жолатпау керектігін тапсырады. Ал көріпкелдің алдына кабинетке келу мәселесін қояды. Мессинг бұл тапсырманы да оп-оңай орындап шығады. Жұмыс бөлмесіне әп-сәтте кіріп қана қоймай, ол жақтан жайбарақат шыққан ол мұның бәрін сырттай бақылап тұрған Сталинге қол бұлғап кете барады. Ал қарауылдарға ол Берияның бейнесінде көрінді деседі. Тіпті, Мессинг Сталинді өлімнен аман алып қалған деседі. Ол қолбасшы мінгелі тұрған ұшақтың апатқа ұшырайтынын, оның баласы екеуінің отарбаға отырғаны жөн екенін айтады. Көріпкелдің айтқанындай-ақ, аталған ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушы қаза табады. Мессинг, сонымен қатар, Хрущевпен де таныс болған. Ел саясатында аса құпия болған бір бума қағазбен бірге жоғалып кеткен қызметкерді үш күннің ішінде жедел табу туралы Сталиннен бұйрық түседі. Көріпкел Хрущевқа құнды құжаттармен қоса жоғалып кеткен сол партия қызметкерін табуға көмектескен көрінеді. Ал енді осындай болжамдар айтып, күллі елдің назарын аудара білген болжамшының өміріне қысқаша тоқтала кетсек. Вольф Мессинг Ресей империясына жататын Гура-Кальвария қаласында еврей отбасында дүниеге келген. Жас кезінде поляк кезбе цирктерінде иллюзионистердің көрсетілімдеріне қатысқан. Соңынан эстрадалық телепатияны меңгеріп алады. Екінші Дүниежүзілік соғыс басталғанда ол үгіт бригада құрамында «ойларды оқу» сияқты көрсетілімдермен, артынан Госконцерттің атынан жеке концерттер көрсетумен айналысты. Кеңес циркінде иллюзионист болып істеді. Соғыс кезінде артист Мессингтің қаражатына екі истребитель құрастырылды. Бірінші истребитель Як-7 Вольф Мессинг 1944 жылы ас-ұшқыш Константин Ковалёвке, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы бұйрықты оқығасын, арнайы сатып әперді. Осы истребительмен Константин Ковалёв жаудың төрт ұшағын атып құлатты. Екіншісі 1944 жылы сатып алынып, «Варшава» авиаполкына берілді. Мессинг 1943—1944 жылдары Новосибирск қаласында тұрды. Вольф Мессингтің көрсетілімдерінде ассисент болып жұмыс істегеннен бастап, қайтыс болғанға дейін онымен бірге болған жұбайы — Аида Михайловна Мессинг-Рапопорт. 1961 жылдан 1974 жылға дейін Мессингтің ассисенті қызметін В. И. Ивановская атқарды. Ол 11 жасында үйінен қашып, Берлин қаласына барады. Онда невропатолог ғылымдарының докторы, профессор Абель бойынан ерекше қабілет табады. 1937 жылы Вольф Мессинг Польша қаласында жұрт алдында тұрып, «Германия елі Польшаға шабуыл жасаса не болады?» деген сұраққа жауап береді. Оның берген жауабы: «Егер Гитлер бағытын шығыс жаққа бұрса, онда Германия тас-талқан болады» деген. 1953 жылы Мессинг Сталиннің еврей мейрамдарының бірінде өлетінін айтқан. Мессинг жұрт алдында әртүрлі шоу бағдарла-малар ұйымдас-тыру арқылы үлкен танымал-дылық пен көп ақшаға қол жеткізген. Ол еш-қандай сиқыр жасамаған. Көрер-мендер жай ғана оған сұрақтар қойған. 1974 жылдың 8 қарашасын-да 23 сағатта Вольф Мессинг ауруханада соғыс кезінде аяғынан алған жарақаттан ұзақ уақыт ауырып қайтыс болды. Оның саны мен мықынының қүре тамырларына сәтті операция жасалған еді, бірақ белгісіз бір себептермен, екі күн өткесін бүйректің істен шығуы мен өкпенің домбығуынан өмірден озды.

Ұқсас жаңалықтар