Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында «Тараз» футбол клубы өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдап, 2:3 есебімен жол берді. Шамамен 75 минут бойы «Тараз» футбол клубы өз алаңында емес, түзде ойнағандай қобалжумен, доп жоғалтумен болды. Әйтеуір, алаң иелерінің ойыны жүрмей-ақ қойды. Көптеген қателіктерге бой алдырған қарсыластың қақпасын «Жетісу» ойыншылары сәт сайын нысанаға алды. Кездесудің жиырма сегізінші минутында «Жетісудың» үздік шабуылшысы Савич есеп ашты. Алғашқы кезеңде «Тараз» ойыншылары атап айтарлықтай шабуыл ұйымдастыра алмады. Тіпті, қарапайым доп алмасудың өзінде көптеген қателіктерге бой алдырып, жанкүйерлердің жүйкесіне ши жүгіртті. Ойынның екінші жартысында «Тараздың» ойыны түзелер дегенбіз. Алайда олай болмай шықты. Кездесудің 53-минутында мүмкіндігін мүлт жібермеген Савич екінші голын тойласа, 67-минутта хет-трик авторы атанып, есепті 0:3-ке жеткізді. Кездесудің екінші жартысында алаңға шыққан Шерхан Бауыржан, Бауыржан Байтана бастаған жігіттер команданың рухын оятты. 75 минут бойы ойыны оңалмаған «Тараз» ойыншылары қалған он бес минутта өзгеріп сала берді. Сәт сайын ұйымдастырылған шабуылдар өз нәтижесін беріп, алдымен Малик Мане 84-минутта мергендігімен көзге түссе, тоқсаныншы минутта Иоан Мера есепті 2:3-ке жеткізді. Иә, команда жеңілді. Ойынның соңғы минутында Бауыржан Байтана алаңнан қуылды. Алайда, «Тараз» осындай ойын өрнегін алдағы уақытта көрсете білсе, кез-келген команданы жеңуге болады екен-ау деген ойда қалдық.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді