Спорт және туризм
Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедова жарыстардан шеттетілді
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2016
- 565
Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедова жарыстардан шеттетілді
Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілді. Спортшылардың допинг-сынамаларының қайта тексеруінде олардың қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан, - деп хабарлайдыVesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтына сілтеме жасап. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталыпты.
Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясы қазақстандықтарды Олимпиадада алған медальдарынан айыру мәселесін қарастырады екен.
Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.
Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




