Волейболдан «Тараз» клубының ізбасарлары, жоғары топтың «Б» санатында ойнайтын «ВК Тараз» командасы Ақтөбе қаласында өткен шешуші кезеңде «Ақтау» командасын 3:2, «Хромтауды» 3:0, «Қарағандыны» 3:0, «Оралды» 3:0, «Шымкент» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, маусым қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді. Жоғары лига ойындарында «ВК Тараздың» Нүрбек Шәбденов, Арман Тұрсынбаев, Қуат Жұмабек, Ержан Әбиев, Денис Ещенко, Александр Фоменко сынды ойыншылары техникалық тұрғыда шын шебер екендіктерін таныта білді. Аты аталған ойыншылар шабуылда да, тосқауылда да шебер ойын өрнегін көрсетті. Команданың жақсы нәтиже көрсетуінде жаттықтырушы Ғани Өскенәлиевтің де үлесі зор екенін айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




