Алматы қаласында ушу-саньдадан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің әр қиырынан кілең мықты спортшылар қатысқан додада жамбылдық шеберлер тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге ілікті. Қыздар арасындағы сында 48 келі салмақта Арайлым Әуезова, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Дильноза Сализова бабында екендіктерін танытып, чемпион атанса, ерлер сынында Исламидин Нусуров (56 келі), Азиз Қошқаров (85 келі), Асхат Жантұрсынов (90 келі салмақта) сынды спортшылар мықтылықтарын байқатып топ жарды. 65 келі салмақ дәрежесіндегі Ришат Ливеншо күміс жүлдеге қол жеткізсе, Алдияр Орынбай (65 келі), Нұриддин Марасулов (60 келі), Медет Оралбаев (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Ел чемпионатында қатарынан оза шауып бәйге алған саңлақтарды облыстың аға жаттықтырушысы Мухидин Маюфи және өзге бапкерлер додаға дайындаған болатын. Жамбылдық ушу-саньда шеберлері бұған дейін де жоғары нәтижелерімен көзге түсіп жүрген. Жерлестеріміздің әлі талай байрақты бәсекелерде намыс туын жоғары көтере алатындығына сеніміміз кәміл.
Жанар Әбсадық, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




