Португалияда қайтыс болған әйел 4 айдан кейін дүниеге нәресте әкелді

Португалияда қайтыс болған әйел 4 айдан кейін дүниеге нәресте әкелді
ашық дереккөз
Португалияда қайтыс болған әйел 4 айдан кейін дүниеге нәресте әкелді

Лиссабонда төрт ай бұрын қайтыс болған әйел дүниеге бала әкелді, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Ақпан айында нәрестенің анасының миына қан құйылып кеткен екен. Дегенмен дәрігерлер әйелдің ішіндегі баланың аман екенін анықтайды. Осыдан кейін мамандар қайтыс болған әйелдің туыстарынан баланың өмірге келуін күтуге рұқсат алған.

Салмағы 2,35 келі болған нәресте 32-ші аптада іштен жарып алу арқылы туылды. Бұл операция дәрігерлер үшін үлкен жетістік болды.

ақпарат көзі: tengrinews

Ұқсас жаңалықтар