Өмірдегі өнеге тұтар ақылшың, аяулы азамат, қимас бауырың жайлы айтудың өзі сағыныштан туады екен. Сол бір өткен бақытты күндерді көз алдыңа келтіріп, өзіңнің азамат болып қалыптасуыңа еңбегі сіңген аға жайлы ақ жарылып айтқың-ақ келеді. Өткен күндердің ғибратқа толы сәттерінің қайсыбірін айтып тауысарсың. Ұлағатты ұстаз деген атқа кір түсірмей дүниеден өткен Тасболатұлы Қапаш аға мен үшін орны бөлек осындай жан еді. Аға өзі туып-өскен елді мекендегі Ленин атындағы орта мектепте қарапайым мұғалімдіктен көтеріліп, директор қызметін атқарды. Ол кезде аудан аумағындағы Куйбышев, Пионер, Қаракемер, Бесжылдық, Бірлесу Еңбек, Октябрь жеміс, Крупская, Қызыл Октябрь елді мекендерінде орта мектеп жоқ еді. Сол ауылдың балалары біздің ауылдағы осы мектепке келіп, жақын жұрағаттарының үйінде жатып оқыды. Балалардың ауылдан қатынап, кісі үйінде жатып оқуының қиындығын көрген Қапаш аға тиісті орындарға айтып жүріп мектеп жанынан интернат ашқызады. Басқа-басқа, бұл интернатта атақты жазушы Шерхан Мұртаза екі жыл жатып оқиды. Шераға осы интернаттағы оқыған сәттерін кейін жазған естелігіне қосты. Онда бір жездеміз мектепте интернат меңгерушісі еді дейді. Сол кісіні сағалап келген болуы керек. Кейін Шерағаңмен осы жайларды әңгіме етіп отырғанда, «Сен сол ауылдың баласы ма едің?» деді. Мен өз жайымды айттым. Қапаш аға жайлы «Ол кісі оқу ісінің меңгерушісі еді, Спан Шәкіровпен бір класта оқыған» деді. Сол мектепте ағамен бірге оқыған Әбілқайыр Сатыбалдин кейін Талас ауданының атқару комитетінің төрағасы болды. Мен сонау жылдары Талас ауданында қызметте жүргенде Қапаш аға Бибайша жеңгеммен келіп, біздің үй болып бөлініп шыққанымызға көңілі толып, құтты болсын айта келіпті. Әбілқайыр ағаны шақырып, түні бойы әңгіме-дүкен құрып, жастық шақтарын еске түсіріп, мәре-сәре болып, менің шешеме алғыстарын білдіріп аттанып еді. Шешем марқұм ағаны «Шырақ» деп атаушы еді. Өйткені қайнысы болған соң атын атамайтын. Қапаш аға алдынан білім алып, тәрбиесін көріп түлеп ұшқан шәкірттерінің арасында бұл күнде елге танымал азаматтар баршылық. Олардың арасында қазақ театр өнерінің мақтанышы Тұңғышбай Жаманқұлов, арқалы ақын, Шешенстан Республикасының халық батыры Рафаэль Ниязбеков бар. Ал жазушы драматург Әкім Тарази Қапаш аға мектеп директоры болған кезде осы мектепті бітірген екен. Шет тілі институтының ректоры болған Рақыш Әміров, ұлағатты ұстаз Лутфолла Дүзеев ағаның мақтан тұтар шәкірттері еді. 1956 жылы мектеп жанынан 4 гектар жерге қосалқы шаруашылық ашады. Интернат оқушыларын азық-түлікпен, көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуде таптыртпайтын амал еді. Аз жылда жайқалып алма бағы өсіп жетілді. Ең бастысы оқушыларды еңбекке баулуда баға жетпес тірлік болды. Жайқалған бақшада оқушылар бар ынтасын салып, еңбек ететін. Сол жылдары осы бригаданы басқарған Жақан Мейірбеков Қапаш ағаның еңбекқорлығына таңғалып отыратын. Мектептегі 300-350 оқушының бәрінің атын білетін еді дейді. 1962 жылы Аса селосынан малшылардың балалары үшін жаңа типтегі мектеп салынды. Облыстық білім басқармасы тәжірибеге бай, білікті басшы Қ.Тасболатовқа осы мектеп-интернатты басқаруға ұсыныс жасайды. Алғаш ашылған мектеп-интернатты жөнге қою, лайықты кадрларды іріктеу, сапалы білім, саналы тәрбие беру оңай емес. Осы интернаттағы жемісті еңбегін ескерген болар, Ленин орденін алды. Ол кезеңде бұл орденмен ауылдағы қарапайым мектеп директоры марапатталуы сирек оқиға болатын. 1971 жылы мектеп директоры бола тұра, педагогика ғылымының кандидаты атағын қорғады. Ол кездері мектеп қабырғасындағы бұл атақ облыс көлеміндегі алғашқы ғылыми атақ еді. Сол жылы Жамбыл педагогика институтына қызметке ауысты. Осында табаны күректей қырық жылдың бедерінде абыройлы қызмет атқарды. Ағаның мерейтойларын сол кезгі институт ректорлары У.Бишімбаев, А.Ахметов лайықты атап өтуге атсалысты. 1979 жылы қызмет бабымен он күнге Прибалтикаға, Каунасқа іссапарға баратын болдым. Қапаш ағаның Мәскеуде алты айлық педагогика академиясында оқуда жүргенін білдім. Мәскеуге түсе сап ол кісі жатқан жатақханаға барсам, әріптестерімен қыдырып кетіпті. Бес-алты күнде соғам деп қағаз қалдырып кеттім. Уәдемде тұрып, қайтар жолда соқтым. Содан Мәскеудің бүкіл көрікті жерлерін, тарихи орындарын армансыз аралап, қызықтадық. Бірге оқитын жолдастарым мейрамханаға апарып күтіп, есте қалатындай кеш жасадық. Сондағы ағаның қуанышы әлі көз алдымнан кетпейді. Ризашылығын білдіріп, мәре-сәре болды. Дүниеде өзіңе жақын адамдарға қуаныш сыйлағаннан артық не бар? Осыны көңіліме медет тұтамын. Қапаш ағамыз төрт ұл, бес қызды өмір көшіне қосып еді. Олардың барлығы жоғары білімді маман, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, еңбек етіп жатыр. Үлкен бәйтерекке айналған бұл отбасы да жұрт үлгі алатын әулетке айналды.
Қаржаубай Бекболатов, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
Өмірдегі өнеге тұтар ақылшың, аяулы азамат, қимас бауырың жайлы айтудың өзі сағыныштан туады екен. Сол бір өткен бақытты күндерді көз алдыңа келтіріп, өзіңнің азамат болып қалыптасуыңа еңбегі сіңген аға жайлы ақ жарылып айтқың-ақ келеді. Өткен күндердің ғибратқа толы сәттерінің қайсыбірін айтып тауысарсың. Ұлағатты ұстаз деген атқа кір түсірмей дүниеден өткен Тасболатұлы Қапаш аға мен үшін орны бөлек осындай жан еді. Аға өзі туып-өскен елді мекендегі Ленин атындағы орта мектепте қарапайым мұғалімдіктен көтеріліп, директор қызметін атқарды. Ол кезде аудан аумағындағы Куйбышев, Пионер, Қаракемер, Бесжылдық, Бірлесу Еңбек, Октябрь жеміс, Крупская, Қызыл Октябрь елді мекендерінде орта мектеп жоқ еді. Сол ауылдың балалары біздің ауылдағы осы мектепке келіп, жақын жұрағаттарының үйінде жатып оқыды. Балалардың ауылдан қатынап, кісі үйінде жатып оқуының қиындығын көрген Қапаш аға тиісті орындарға айтып жүріп мектеп жанынан интернат ашқызады. Басқа-басқа, бұл интернатта атақты жазушы Шерхан Мұртаза екі жыл жатып оқиды. Шераға осы интернаттағы оқыған сәттерін кейін жазған естелігіне қосты. Онда бір жездеміз мектепте интернат меңгерушісі еді дейді. Сол кісіні сағалап келген болуы керек. Кейін Шерағаңмен осы жайларды әңгіме етіп отырғанда, «Сен сол ауылдың баласы ма едің?» деді. Мен өз жайымды айттым. Қапаш аға жайлы «Ол кісі оқу ісінің меңгерушісі еді, Спан Шәкіровпен бір класта оқыған» деді. Сол мектепте ағамен бірге оқыған Әбілқайыр Сатыбалдин кейін Талас ауданының атқару комитетінің төрағасы болды. Мен сонау жылдары Талас ауданында қызметте жүргенде Қапаш аға Бибайша жеңгеммен келіп, біздің үй болып бөлініп шыққанымызға көңілі толып, құтты болсын айта келіпті. Әбілқайыр ағаны шақырып, түні бойы әңгіме-дүкен құрып, жастық шақтарын еске түсіріп, мәре-сәре болып, менің шешеме алғыстарын білдіріп аттанып еді. Шешем марқұм ағаны «Шырақ» деп атаушы еді. Өйткені қайнысы болған соң атын атамайтын. Қапаш аға алдынан білім алып, тәрбиесін көріп түлеп ұшқан шәкірттерінің арасында бұл күнде елге танымал азаматтар баршылық. Олардың арасында қазақ театр өнерінің мақтанышы Тұңғышбай Жаманқұлов, арқалы ақын, Шешенстан Республикасының халық батыры Рафаэль Ниязбеков бар. Ал жазушы драматург Әкім Тарази Қапаш аға мектеп директоры болған кезде осы мектепті бітірген екен. Шет тілі институтының ректоры болған Рақыш Әміров, ұлағатты ұстаз Лутфолла Дүзеев ағаның мақтан тұтар шәкірттері еді. 1956 жылы мектеп жанынан 4 гектар жерге қосалқы шаруашылық ашады. Интернат оқушыларын азық-түлікпен, көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуде таптыртпайтын амал еді. Аз жылда жайқалып алма бағы өсіп жетілді. Ең бастысы оқушыларды еңбекке баулуда баға жетпес тірлік болды. Жайқалған бақшада оқушылар бар ынтасын салып, еңбек ететін. Сол жылдары осы бригаданы басқарған Жақан Мейірбеков Қапаш ағаның еңбекқорлығына таңғалып отыратын. Мектептегі 300-350 оқушының бәрінің атын білетін еді дейді. 1962 жылы Аса селосынан малшылардың балалары үшін жаңа типтегі мектеп салынды. Облыстық білім басқармасы тәжірибеге бай, білікті басшы Қ.Тасболатовқа осы мектеп-интернатты басқаруға ұсыныс жасайды. Алғаш ашылған мектеп-интернатты жөнге қою, лайықты кадрларды іріктеу, сапалы білім, саналы тәрбие беру оңай емес. Осы интернаттағы жемісті еңбегін ескерген болар, Ленин орденін алды. Ол кезеңде бұл орденмен ауылдағы қарапайым мектеп директоры марапатталуы сирек оқиға болатын. 1971 жылы мектеп директоры бола тұра, педагогика ғылымының кандидаты атағын қорғады. Ол кездері мектеп қабырғасындағы бұл атақ облыс көлеміндегі алғашқы ғылыми атақ еді. Сол жылы Жамбыл педагогика институтына қызметке ауысты. Осында табаны күректей қырық жылдың бедерінде абыройлы қызмет атқарды. Ағаның мерейтойларын сол кезгі институт ректорлары У.Бишімбаев, А.Ахметов лайықты атап өтуге атсалысты. 1979 жылы қызмет бабымен он күнге Прибалтикаға, Каунасқа іссапарға баратын болдым. Қапаш ағаның Мәскеуде алты айлық педагогика академиясында оқуда жүргенін білдім. Мәскеуге түсе сап ол кісі жатқан жатақханаға барсам, әріптестерімен қыдырып кетіпті. Бес-алты күнде соғам деп қағаз қалдырып кеттім. Уәдемде тұрып, қайтар жолда соқтым. Содан Мәскеудің бүкіл көрікті жерлерін, тарихи орындарын армансыз аралап, қызықтадық. Бірге оқитын жолдастарым мейрамханаға апарып күтіп, есте қалатындай кеш жасадық. Сондағы ағаның қуанышы әлі көз алдымнан кетпейді. Ризашылығын білдіріп, мәре-сәре болды. Дүниеде өзіңе жақын адамдарға қуаныш сыйлағаннан артық не бар? Осыны көңіліме медет тұтамын.Қапаш ағамыз төрт ұл, бес қызды өмір көшіне қосып еді. Олардың барлығы жоғары білімді маман, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, еңбек етіп жатыр. Үлкен бәйтерекке айналған бұл отбасы да жұрт үлгі алатын әулетке айналды. Қаржаубай Бекболатов,Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді