Елімізде жүргізуші куәлігін алу шарттары айтарлықтай жеңілдеді

Елімізде жүргізуші куәлігін алу шарттары айтарлықтай жеңілдеді
ашық дереккөз
Елімізде жүргізуші куәлігін алу шарттары айтарлықтай жеңілдеді
Енді ол үшін айлап автомектептерде оқудың қажеті жоқ, - деп жазады khabar.kz.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, көлік жүргізуге ниетті кез келген адам өз бетінше дайындалып,  А, А1, В, В1 категориялы жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыра алады.  Құжаттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркелген тұрғылықты мекенжайына қарамастан беріледі.  Емтиханды тапсыру тәртібі өзгермейді. Үміткер 40 минутта  32 сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ғана практикалық емтиханға жіберіледі. Бұл ақпаратты Әкімшілік полиция комитеті таратты.

Ұқсас жаңалықтар