Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды
ашық дереккөз
Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды
ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і – лаңкес, екеуі – әскери, біреуі – «Паллада» дүкенінің сатушысы, біреуі – «Жедел күзет» қызметкері және тағы біреуі – дүкеннің келушісі. Осыған дейін ІІМ өкілдері оқиғалардың ретін және қылмыскерлердің көзі жойылғанын хабарлаған болатын. 5 маусымда сағат 14.28-де (Ақтөбе уақыты бойынша) діни радикалдар тобы қаруларды алу мақсатында «Паллада» дүкеніне шабуыл жасады. Сонымен қатар, қылмыскерлер дабыл батырмасын басқан сатушыға бірнеше жерден пышақ салып, салдарынан ол сол жерде қаза тапты. Шақырту бойынша оқиға орнына «Жедел күзет» ұйымының екі қызметкері келіп жетті, олардың бірі сол жерде қаза тапса, екіншісі ауыр жарақат алды. «Паллада» дүкеніне келген полицейлерге қылмыскерлер қарсылық танытып, атыс кезінде үш полицей жарақат алды. Осы дүкеннен қылмыскерлер 17 дана оқ ататын қару (3 иір ойықты мылтық пен 14 тегіс ұңғылы қару), 3 газды қару, сонымен қатар, патрондар мен пышақтар алып кеткен. «Паллада» дүкеніне шабуыл жасағаннан кейін қаруланған қылмыскерлердің екі топқа бөлініп кеткені белгілі болды. «Қылмыскерлердің 6 адамнан тұратын бір тобы ұрланған патрульдік автокөлікпен тағы бір қару-жарақ дүкені – «Пантераға» шабуыл жасап, екі адамды пышақтаған. Олардың бірі сол жерде қаза тапса, екіншісі жарақат алды. «Пантера» дүкеніне келген полиция қызметкерлері атыс кезінде үш қылмыскердің көзін жойып, біреуін ұстады. Тағы біреуі жарақат алды, екі қылмыскер жасырынып үлгерді. Қаруланған олар бірнеше уақыттан кейін қала сыртында өлтірілді. Қылмыскерлердің екінші тобы қоғамдық көлікті басып алып, жолаушыларды түсіріп жіберген. Өздері басып алған автобуспен олар Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің қақпасын бұзып өтіп, сол жерде полицейлермен және әскерилермен атысты. Қарқынды қарсылыққа тап болған қылмыскерлердің бір тобы қоршауға алынса, екінші тобы жасырынып қалды», – деді ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев. «Атыс барысында бір қылмыскердің көзі жойылып, біреуі жарақат алған. Ұлттық ұланның әскерилерінен 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақаттанды. «Паллада» дүкенінің қасында жүргізілген іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 5 адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Түнгі жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлерге қарсылық танытқан тағы 5 қылмыскердің көзі жойылды, 2 қылмыскер ұсталды. Қылмыскерлерден ұрланған қарудың көп бөлігі тәркіленді. «Қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің аты-жөні толықтай анықталды. Оларды іздеу және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режімі енгізілді. Операцияға елдің ішкі істер органының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Ақтөбедегі жағдай тұрақты, кәсіпорындар мен қоғамдық көліктер күнделікті режімде жұмыс істеп тұр», – деді ол. тоқтар Төлешов жер реформасына қарсы акцияларды қаржыландырған, билікті зорлықпен басып алуға дайындық жүргізген – ҚР ҰҚК ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің елдегі жер реформасына қатысты наразылық акцияларын қаржыландырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. Бұл жағдайлармен қатар ол үкіметтің өз ойындағы баламасын жоспарлаған және қазіргі үкіметтің құрылымын өзгерткісі келген. Атырауда, Астанада, Алматыда, Оралда, Қызылордада болған жер реформасы бойынша наразылық акцияларды Төлешовтің 2015 жылдың желтоқсанында-ақ жасырын жүргізгені және қаржыландырғаны туралы дәлелдерді алдық», – деді Қарасев Бас прокуратурадағы брифингте. Сонымен қатар, оның айтуынша, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов бұған дейін дайындық жұмыстарын жүргізген, ал өткен жылдан бері билікті зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарымен айналысқан. ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Құсайын Игембаев баспасөз мәслихатында Төлешовке есірткі заттарын заңсыз сақтау, бірқатар ауыр әрі аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отырғанын хабарлады, олардың ішінде «кісі өлтіруді ұйымдастыру, адам ұрлау, түрлі деңгейде денсаулыққа зиян келтіру, бөтеннің мүлкін көрінеу бүлдіру, қарақшылық» қылмыстары бар. Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. Лаңкестер елдің тыныштығын бұзуды көздеді – ҚР Дін істері комитеті ҚР Дін істері комитетінің өкілдері Ақтөбеде 5 маусымда болған жағдайдың қазақстандықтар үшін ауыр тигенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Мұндай қылмысқа барғандар елдің бейбітшілігін бұзып, қоғамда дүрлікпе тудыруды көздеген. Дінді жамылған лаңкестер тағы да шынайы жүздерін көрсетті. Өздерін «діннің қорғаушысымыз» деп атайтын олар исламның құндылықтарын түсінбейді. Мұндай әрекетке Рамазан айында баруы осының дәлелі», – делінген хабарламада. Қазақстанның дінбасылары лаңкестердің әрекетін қатаң сынап, азаматтарды елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап қалуға шақырды. «Біздің елде мұндай танымдағы діни алғышарттар жоқ. Дегенмен халықаралық террорлық ұйымдар біздің елді де өз ықпалында ұстауға тырысып жатыр. Елімізде 2,5 мыңға жуық мешіт бар. Қазіргі кезде елдегі мұсылмандар басқа дін өкілдерімен берге Қазақстанның бейбіт болуына атсалысып отыр», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, ведомство азаматтарды арандатушылықтарға ермей, тыныштық сақтауға шақырды. «Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері жағдайды мұқият тексеріп жатыр, сонымен қатар, кінәлілер тиісті жазасын алады. Мемлекеттік органдар мұндай оқиға қайталанбауы үшін тиісті шараларды жүргізіп жатыр», – деді Комитет өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар