Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді
ашық дереккөз
Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.

«2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 839,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 503,4 млрд. теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд. теңге қарастырылған», -  деді ол.

Министрдің айтуынша, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аталған қаржының 99,1 млрд. теңге немесе 12 пайызы  игерілген. Оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша  47,2 млрд. теңге,  республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және қайта жаңғырту 35,2 млрд. теңге жұмсалған.

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар