2016 жылы 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдары салынады және жаңғыртылады - Қ.Бишімбаев

2016 жылы 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдары салынады және жаңғыртылады - Қ.Бишімбаев
ашық дереккөз
2016 жылы 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдары салынады және жаңғыртылады - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдары салынады және жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.

«2016 жылы шамамен 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде Алматы-Шу учаскесінде екінші темір жол құрылысына 8 млрд. теңге, Құрық портында паромдық өткел салуға 4 млрд. теңге жұмсалады»,-  деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, жылу, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін жаңғыртуға бюджеттік кредиттеу арқылы 16,6 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

«Жалпы, 2016-2017 жылдары инженерлік желілердің 1 184 шақырымы, оның ішінде жылумен жабдықтаудың 92 шақырым, сумен жабдықтау жүйесінің 816 шақырым және су тарту жүйесінің 276 шақырымын салу және жаңғырту жоспарда бар», - деді Қ.Бишімбаев.

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар