Еліміздің басым аймағында жаңбыр болады

Еліміздің басым аймағында жаңбыр болады
ашық дереккөз
Еліміздің басым аймағында жаңбыр болады
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің күшеюі сақталады.  Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды khabar.kz.
Атырау, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай болады.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал.  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.  Қызылорда облысының  кей жерлерінде найзағай болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  Манғыстау, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар