Жас боксшыларымыз ел чемпионатынан олжалы оралды
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2016
- 695
Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің он төрт облысынан 158 спортшы бақ сынаған айтулы аламанда жамбылдық былғары қолғап шеберлері толайым табыстарға қол жеткізді. Жерлестеріміз жеті салмақ дәрежесінде жүлдеге ілікті. Ел біріншілігінде 34 келі салмақ дәрежесіндегі Ислам Молдашев пен 63 келі салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Серікхан Бейсенбек дода барысында барлық қарсыластарынан мықты екендіктерін дәлелдеп, алтын жүлдеге қол жеткізсе, 34 келідегі Ильгар Салахов пен 46 келі салмақ дәрежесіндегі Диас Молжігітов ақтық айқаста ғана қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен 32 келідегі Олег Иганцкий, 36 келідегі Алмаз Дүйсенқұл, 63 келідегі Байсал Серікжан секілді боксшыларымыз қола жүлдегер атанды. Осылайша жамбылдық балғын былғары қолғап шеберлері ел біріншілігінде жасындай жарқырай білді.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




