Ел халқы мемлекеттік қызметтің 70%-ын «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы арқылы ала алады - Д.Назарбаева

Ел халқы мемлекеттік қызметтің 70%-ын «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы арқылы ала алады - Д.Назарбаева
ашық дереккөз
Ел халқы мемлекеттік қызметтің 70%-ын «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы арқылы ала алады - Д.Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ағымдағы қызметі мен перспективалық міндеттері бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен ұйымның кеңейтілген отырысының барысында талқыланды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында бірыңғай құрылымға 20 мыңнан астам қызметкерді қосқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кірген  төрт РМК «ХҚКО», «ЗТМО», «ЖерҒӨО» және «ЖМО» қайта ұйымдастырудың сәтті өткендігі талқыланды. Қайта  ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстың нашарлауына жол берілмегені, ал құрылымдық бөлімшелердің жұмысы бір күнге де тоқтамағаны атап өтілді.

Жаңа құрылымда халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін 530 мемлекеттік қызмет біріктірілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жақында Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жаңа 53 қызметті айқындады. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 қызметті ала алады.

Фронт-офистердің ауқымды желісі, олар еліміз бойынша 479 күнделікті мыңдаған азаматқа қызмет көрсетеді. Халықпен өзара іс-қимыл механизмдері пысықталған. Барлық фронт-офистердің жұмысы бірыңғай кестеге өткізілді - ЗТМО көптеген бөлімшелері 9.00-ден бастап 20.00-ге дейінгі ХҚКО-ның жұмыс кестесіне көшті.

ЗТМО 143 фронт-офистері кедергісіз қызмет көрсетуге өткізілді, қалған 78-ін кедергісіз қызмет көрсетуге өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Енді азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 70%-ын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады.  Сапа, жайлылық, азаматтар үшін барынша жеңілдету - бұл мемлекеттік корпорация дамуының негізгі басым бағыттары болуы тиіс», - деп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева отырыс барысында атап көрсетті.

Мемлекеттік корпорация жоспарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, озық технологиялар мен шешімдерді пайдалану, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына өту.

2016 жылғы 11 сәуірден жұмыс істеген сәттен бастап азаматтарға үздік әлемдік ұқсас жайлылық деңгейінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге талпынып құрылған мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бірыңғай провайдері ретінде жұмыс істейді.

Әлеуметтік маңызды қызметтердің көп бөлігін  азаматтар мемлекеттік корпорацияда «бір терезе» қағидаты бойынша алады. Мұндай әдіс қызметтерді көрсету процесі барынша ашық болғаны, ал оларды көрсету мерзімі қысқару үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұралатын құжаттар тізбесін қысқартуға жол береді.

«Қызметтерді көрсетуде ашықтық, әкімшілік кедергілерді қысқарту бастамалары мемлекеттің қоғамға есептілік мәтінінде іске асырылуы тиіс, керісінше емес», -деп өз сөзінде Дариға Назарбаева атап өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 нақты қадам-Ұлт жоспарын» іске асыру аясында құрылды. Ұйым өз құрылымында 4 РМК-ні біріктірді - «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық».

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар