Әкімдік: Жамбылдағы күн электр стансасы ЭКСПО көрмесінде жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі болмақ

Әкімдік: Жамбылдағы күн электр стансасы ЭКСПО көрмесінде жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі болмақ
ашық дереккөз
Әкімдік: Жамбылдағы күн электр стансасы ЭКСПО көрмесінде жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі болмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орталық Азиядағы ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жуалы ауданында салынған қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр стансасы 2015 жылы 2 шілдеде Елбасының қатысуымен Индустриаландыру күні аясында іске қосылған.

Станса 150 га аумақта орналасқан. Жобалық жылдық электроэнергия  өнімі 73 млн кВт/сағ құрайды. Стансаны іске қосқаннан электроэнергия өндірісі 58,718 млн кВт/с құрады, бұл болжанған көрсеткіштен 10% жоғары.

 «Бурное Солар-1» күн электр стансасында 250 адам жұмыспен қамтылды.

Облыстық әкімдікте атап өткендей, бұл күн электр стансасы ЭКСПО-2017 көрмесінде Қазақстандағы  жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі бола алады.

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар