ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2016
- 164
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰБТ-ның алғашқы күні 2277 қазақстандық түлек 50 баллдық көрсеткішке жете алмады, төрт түлектің нәтижелері жойылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың нәтижелері жойылды. 8522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 ж. - 7 712). 2277 түлек (12,6%) 50 балл көрсеткішіне жете алмады (2015 ж.- 3 478 - 18,4%), - деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты (96,4%).
3834 түлек тестілеуде 100-ден жоғары балл жинады. Алматының 3 оқушысы рекордтық 125 балл жинады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді