Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында №13 темір жол колледжінде бокстан жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті. Додаға Тараз қаласындағы спорт мектептерінен, аудандардан, Қырғыз Республикасынан ұзын саны 150-ге жуық балғын былғары қолғап шеберлері қатысты. Олар додада 19 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ашық біріншіліктің ашылу салтанатында Нұржан Нұралиев, облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Бекбол Қайыпчаев, турнирдің бас төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмірхан Төлен аламанға қатысушыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған доданың командалық сынында №13 темір жол колледжінің түлектері топ жарса, жүлделі екінші орынды облыстық бокс мектебінің балғындары иеленді. Үздік үштікті №3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар мен мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері қорытындылады. Аталмыш темір жол колледжінің түлегі Бекзат Абдулла мен Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бекболат Серікбайұлы турнир үздігі деп танылды Жанар Әбсадық, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




