Еуразиялық экономикалық одақ кәсіпкердің жаңа еңбек нарығын игеруіне мүмкіндік береді
- author «Ақ жол»
- 23 мамыр, 2014
- 830
Еуразиялық экономикалық одақ өнімді өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді, дейді отандық өнім өндірушілер.
«Жылына 350 мың өнім өндірудеміз. Біздің өніміміз Қазақстаннан тыс жерлерге де белгілі. Биылғы жылы Белруссияға жіберілетін өнім көлемі 10 пайызға артты. Бірінші партия Калининград облысы мен Сібірге жөнелтілді», - дейді «Сантехпром» ЖШС-нің директоры Владимир Крючков.
Еуразиялық экономикалық одақ аясына бірігу жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді, деп санайды кәсіпорындағылар.
«Бүгін біз өнімнің жаңа шығарылымын дайындап жатырмыз. Бұл итальяндық мамандармен жұмыстың нәтижесі. Жаңа өнімдер еуропалық компаниялармен бәсекелестікке түсуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті», дейді компаниялардың өкілдері.
«Біз эмальге күміс қосып, бактерицидті эмальді жабу аламыз. Ваннаның жаны мен астыңғы бөлігіне арнайы жағынды жағамыз. Бұл ұзақ мерзімге қолдануға мүмкіндік береді. Жабуға бөтен зат (нәрсе) түскенде 50 пайызға дейін оның эмалінің кетуінен сақтайды »,- дейді зауыттың бас технологы Владимир Богатырев.
Кәсіпорынның басшылығы қазіргі таңда Моңғолия мен Қытайға өнім шығару мәселесі талқыланып жатқанын хабарлады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




