Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызмет істері департаменті мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада өтті. Оған 600-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Болат Исақов қатысушыларға сәттілік тіледі. Додада шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, шахмат, армрестлинг және жеңіл атлетика секілді спорт түрлері қамтылды. Нәтижесінде шағын футболдан облыстық кірістер департаментінің командасы топ жарса, екінші орын Сарысу ауданы, үшінші орын Тараз қаласының командасына бұйырды. Үстел теннисінен ерлер арасында С. Әбдікерімовке қарсылас шақ келмесе, екінші орынға Е. Кәрібаев, үшінші орынға М. Ескендіров (үшеуі де Тараздан) орнықты. Әйелдер арасында А. Нұрпейісова (Тараз), А. Өтегенова (Жуалы ауданы), А. Ниязқұлова (Т. Рысқұлов ауданы) алғашқы үш орынды өзара бөлісті. Жарыс барысында өзге де спорт түрлері бойынша жеңімпаздар айқындалды.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




