– Жарамды жерлер пайдаланылуға беріліп қойылғанын енді біліп отырмыз. Алпауыттардың, фермерлердің жерлері бар. Жағдайларын жақсартып жатыр. Мал өсіріп, егін егуде. Сонда, қарапайым халық не істейді? Ең қиын тұсы осы болып тұр.
1914 жылы патшалық Ресейдің үкімет басшысы Столыпин Қазақстанға келген. Оның елімізге келуінің мақсаты Ресейдің жерлерін алпауыттар иеленіп алғандықтан, орыс мұжықтарына Қазақстаннан жақсы жер тауып беру еді. Столыпин қазақтың тек байларымен кездескен. Өйткені, оған байлармен тіл табысу оңай екені белгілі болатын. Сөйтіп, Ресей үкіметінің сол кездегі басшысы біздің байлардан орыс мұжықтарына жер алып беру мақсатында көмек сұраған. Осылайша, тараптар өзара келісімге келгендей болады. Қазіргі жағдай басқаша. Біз өз жерімізге өзіміз ие егемен елміз. Біздің бүгінгі шындығымыз келешекте өтірік болып шықпауы үшін, халық алдында, келешек ұрпақтың алдында жүзіміз жарық болуы үшін осы мәселеге қатысты көптеген жағдайларды анықтап алуымыз керек. Осы орайда қанша жер сатылайын деп отыр, оны кімдер сатып алмақ дегендей сұрақтарға нақты, шынайы жауап берілуі керек. Біз жерді өзгелерге беруді дұрыс деп шешсек, сонда қарапайым халық қалай күн көреді? Қазақ басқаға құл болып жүрмей ме?..
Мереке ҚҰЛКЕНОВ, жазушы, Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі:
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




