Бағы жанған Ұлан
Сарысулық спортшы әлем чемпионатында топ жарды Польшаның Быдгощ қаласында өткен каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сарысулық спортшы Бағлан Шубаев қарсыластарынан басым түсіп, топ жарды. Бұған дейін Ташкент қаласында ұйымдастырылған әлем кубогінде жасындай жарқыраған Б. Қашқынбаев атындағы орта мектептің оқушысы түрлі деңгейдегі додаларда да өз мықтылығын дәлелдей білген болатын. Быдгощ қаласында алдымен чехиялық, польшалық, украиналық, өзбекстандық өрендердің мысын басқан ол ақтық сында түркиялық қарсыласынан айласын асырып, ел мерейін үстем етті.
– Ақтық сындағы айқас өте қиын болды. Қарсыласым мықты екен. Алайда, елдің сенімін арқалап барған соң барымды салдым. Бойымды кернеген намыстың арқасында түркиялық спортшыдан аз ғана ұпай басымдылығымен жеңісті жұлып алдым. Спортта түрлі қиын жағдайлар болады. Соның бәрінен сүрінбей өтіп, алдағы уақытта ересектер бәсекесіне араласып, сол сында да топ жарсам деп армандаймын, – дейді спортшы.
Халықаралық аламандарда қарсыластарынан мықтылығын айқындап, топтан озып жүрген жас тарланға біз де жеңіс тілейміз. Асқақ армандар талмай тер төккенде ғана орындалатынын Бағлан жақсы біледі.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




