2011 жылдан бері Қазақстанның көлік, сауда және энергетика саласына 7 миллиард долларға жуық қаржы инвестиция салынды
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2014
- 908
2011 жылдан бері Қазақстанның көлік, сауда және энергетика саласына 7 млрд долларға жуық қаржы инвестиция салынды. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.Жақсылықов айтты. «Қазақстан Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркіменстан және Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Қазақстан 1997 жылдан бастап Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына қатысып келеді. ОААЭЫ елдері аймақтық көліктік инфрақұрылымын жақсарту және сауда ісін жүргізудегі кедергілерді жою бағытында жұмыс жасауда. 2011 жылдан бастап көлік, сауда және энергетика секторына 6,69 млрд доллар инвестиция салынды», - деді Тимур Жақсылықов. Оның сөзіне қарағанда, қазір біздің еліміз ОААЭЫ 15 жобасын жүзеге асыруда.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қарызды уақтылы қайтару – садақа беруден де жақсы
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




