Жеңісті Берлинде қарсы алған

Жеңісті  Берлинде  қарсы  алған
ашық дереккөз
Жеңісті Берлинде қарсы алған

Ұлы Отан соғысында елін қорғап, ерлік көрсеткен әкеміз Ерғара Тәжімбетовті біз әрқашан мақтан тұтамыз. Ол 1917 жылы бұрынғы Әулиеата уезі, Ойық болысына қарасты ауылда дүниеге келіп, еңбек жолын 14 жасында «Елтай» колхозында бастаған. Әкеміздің өміріне елеулі із қалдырып, ерік-жігерін шыңдай түскен әскери қызметі 1938 жылдан басталыпты. Екі жыл Қызыл Армия қатарында болып, 1939 жылы Батыс Белоруссияның Польшадан бөлініп, кеңестік Белоруссияға қайта қосылуына көмек көрсету жорығына, фин соғысына қатысқан. Елге келген соң 1941 жылдың желтоқсанында Алматыдағы армияға саяси қызметкерлер даярлайтын курсқа қабылданады. Оны бітірген соң Жамбыл қаласындағы 268-полкта 105-ұлттық қазақ атты әскер дивизияда 271-полктың пулемет эскадроны саяси жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл полк Жоғарғы Бас қолбасшының ерекше резерві екен. Ұзамай осы атты әскер полкі 174-танкіге қарсы ататын артиллерия болып қайта құрылды. 1942 жылғы қазан айының соңғы күндері 174-полк Сталинградты қорғап жатқан Оңтүстік Батыс майданның құрамына қосылады. Әкеміз Сталинград шайқасынан бастап Ұлы Отан соғысының соңына дейін қолынан қаруын тастамай Жеңіс мерекесін қас дұшпанның өз апанында қарсы алды. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, туған елге оралды. Ол сұрапыл соғыста екі рет жарақаттанды, бір рет ауыр контузия алған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін И.В.Сталиннің атынан 174-танкіге қарсы ататын артиллерияның Кутузов орденді полктің старшинасы Ерғара Тәжімбетов тоғыз Алғыс қағазын алды. Жауынгерлік, азаматтық борышын адал атқарған әкеміз үш Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстың қайғы-қасіретін әкеміз «Жойқын жорық жылдары» атты естелік кітабында шебер көрсете білген. Ол осы еңбегінде Сталинград шайқасынан бастап, фашистік Германия толық жеңіліс тапқанға дейін өзі қатысқан қанды шайқастар туралы баяндайды. 1988 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген бұл туындысында өзі жасаған ерліктер туралы жазбаған, тек қаруластарын мақтап, ерліктерін көрсетеді. Осыдан-ақ ол кісінің мақтаншақтықтан ада, кеңпейілді екені, айналасындағы адамдарға деген қамқор көңілі мен мейірбандығы, өзгелердің қуаныш-ренішіне сергектігін байқауға болады. «... Дұшпанның алғашқы қарқыны басылды, көп адамы оққа ұшты. Біздің жігіттер де жанқиярлықпен шайқасты. Бірақ олардың келесі шабуылына төтеп беруіміз екіталай. Өйткені, дұшпан бізден үш-төрт есе көп. Фашистер біраздан соң есін жинап, қайта топтасты да, алдымен минометпен атқылап алып, автоматтарын кезене шабуылға шықты. Міне, оң қанаттағы бір топ ентелей басып, бізге жақындап келеді. Біздің жүк тиелген машинамыз осы беттегі үйдің тасасында тұрған. Сәл босаңсысақ, олар машинаны басып алуы мүмкін. Жағдайымыз ауырлай түсті. Шұғыл шешім қабылдамаса болмайды. – Жауынгер Тәліпов, дереу үйдің тасасымен жаудың оң жағына шық та, автоматтан оқ жаудыр, граната лақтыр! – деп бұйрық бердім. Тәліпов шапшаң қимылдап, дұшпанға күтпеген тұстан оқ боратты, беліне қыстырып алған гранаталарды лақтырып, естерін шығарды. Тағы да бірнеше фашист жер жастанды. Күтпеген жерден берілген соққы нәтижелі болды. Жаудың екінші шабуылы да сәтсіздікке ұшырады. Жау есеңгіреп қалған сияқты. Бірақ, оларға машина, оқ-дәрі керек. Үй тасасында жатқан офицердің берген бұйрығы бізге естіліп тұр. Дұшпан қайта топтасты да, тағы шабуылға көтерілді. Жүгіре басып, автоматтан оқ жаудырып келеді. Арамыз бара-бара жақындай түсті. Уақыт өткен сайын олардың қатары да сирей түсуде, бірақ, фашистер оған қарайтын емес. Менің оң аяғымнан оқ тиіп, етігімнің іші қанға толып кеткенін байқап жатырмын. Аяғымды қимылдатсам, сүйегім аман сияқты. Бірақ таңып алуға мұрша жоқ. – Граната әзірлеңдер! – деп бұйрық бердім қалған жауынгерлерге. Дәл осы сәтте шофер Кардаш жаудың ірі калибрлі пулеметін тауып әкеліп, қатарымызға жатты. Бұл бізге көмек болды. Мен пулеметті дереу орнатып алдым да, оқ жаудырдым. Пулемет оғы фашистерге бас көтертер емес. Бірақ, оқ таусылуға жақын. Бізден тағы екі жауынгер қатардан шықты, не бары бес-ақ адам қалдық. Байқаймын, сан жағынан артықтығы болмаса, олардың жағдайы да мәз емес. Осындай қиын сәтте артымыздан дивизияның зеңбірек сүйреткен екі машинасы келе қалды. Олар дереу машинадан түсті де, қарсы ұрыс салды. Онсыз да қалжыраған жау қарсыласуға шамасы келмей қолдарын көтерді. Тірі қалған жиырма солдат, үш офицер қолға түсті. Кешке қарай Могилев қаласы жаудан толық азат етілді. 1944 жылғы 28 маусымда Москвада Белоруссияның облыс орталығы, немістердің Минск бағытындағы аса ірі қорғаныс торабы – Могилев қаласын және басқа да қалалар мен селоларды азат еткен 2-Белоруссия майданының ер жүрек әскерлерінің құрметіне 224-зеңбіректен 20 дүркін салют берілді. Бұл аса зор жеңісі үшін көптеген жауынгерлерге үкімет наградалар тапсырды. Солардың ішінде жауынгер Тәліповке «Ерлігі үшін» медалі, маған екінші рет Қызыл Жұлдыз ордені берілді». Бұл – кітаптан алынған үзінді. Әкеміздің қарулас достарының ерлігі жайлы жан сыры. Қайран әке, омырауына тағылған төрт орден мен 15 медаль – жауынгерлік міндетіңізді адал атқарғаныңыздың, арына қылаудай дақ түсірмеген азамат екеніңіздің белгісі екен-ау. Жылдар өте жасымыз ұлғайған сайын, әке алақанының ыстығы мен қамқорлығы, кеңесі мен айтылған жылы сөздері сағынышпен жиі-жиі еске оралады. Қазіргі ұрпақтары – немере-шөберелері үшін атаның тарихта өзіндік із қалдырған, еліне сыйлы да қалаулы азамат болып ғұмыр кешкені отбасымызда әрдайым әңгімеміздің өзегі мен түйіні болып қала бермек.

Бағдагүл Сәлменова, келіні.

Талас ауданы.

Ұлы Отан соғысында елін қорғап, ерлік көрсеткен әкеміз Ерғара Тәжімбетовті біз әрқашан мақтан тұтамыз. Ол 1917 жылы бұрынғы Әулиеата уезі, Ойық болысына қарасты ауылда дүниеге келіп, еңбек жолын 14 жасында «Елтай» колхозында бастаған. Әкеміздің өміріне елеулі із қалдырып, ерік-жігерін шыңдай түскен әскери қызметі 1938 жылдан басталыпты. Екі жыл Қызыл Армия қатарында болып, 1939 жылы Батыс Белоруссияның Польшадан бөлініп, кеңестік Белоруссияға қайта қосылуына көмек көрсету жорығына, фин соғысына қатысқан.Елге келген соң 1941 жылдың желтоқсанында Алматыдағы армияға саяси қызметкерлер даярлайтын курсқа қабылданады. Оны бітірген соң Жамбыл қаласындағы 268-полкта 105-ұлттық қазақ атты әскер дивизияда 271-полктың пулемет эскадроны саяси жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл полк Жоғарғы Бас қолбасшының ерекше резерві екен. Ұзамай осы атты әскер полкі 174-танкіге қарсы ататын артиллерия болып қайта құрылды. 1942 жылғы қазан айының соңғы күндері 174-полк Сталинградты қорғап жатқан Оңтүстік Батыс майданның құрамына қосылады. Әкеміз Сталинград шайқасынан бастап Ұлы Отан соғысының соңына дейін қолынан қаруын тастамай Жеңіс мерекесін қас дұшпанның өз апанында қарсы алды. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, туған елге оралды. Ол сұрапыл соғыста екі рет жарақаттанды, бір рет ауыр контузия алған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін И.В.Сталиннің атынан 174-танкіге қарсы ататын артиллерияның Кутузов орденді полктің старшинасы Ерғара Тәжімбетов тоғыз Алғыс қағазын алды. Жауынгерлік, азаматтық борышын адал атқарған әкеміз үш Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.Соғыстың қайғы-қасіретін әкеміз «Жойқын жорық жылдары» атты естелік кітабында шебер көрсете білген. Ол осы еңбегінде Сталинград шайқасынан бастап, фашистік Германия толық жеңіліс тапқанға дейін өзі қатысқан қанды шайқастар туралы баяндайды. 1988 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген бұл туындысында өзі жасаған ерліктер туралы жазбаған, тек қаруластарын мақтап, ерліктерін көрсетеді. Осыдан-ақ ол кісінің мақтаншақтықтан ада, кеңпейілді екені, айналасындағы адамдарға деген қамқор көңілі мен мейірбандығы, өзгелердің қуаныш-ренішіне сергектігін байқауға болады. «... Дұшпанның алғашқы қарқыны басылды, көп адамы оққа ұшты. Біздің жігіттер де жанқиярлықпен шайқасты. Бірақ олардың келесі шабуылына төтеп беруіміз екіталай. Өйткені, дұшпан бізден үш-төрт есе көп. Фашистер біраздан соң есін жинап, қайта топтасты да, алдымен минометпен атқылап алып, автоматтарын кезене шабуылға шықты. Міне, оң қанаттағы бір топ ентелей басып,  бізге жақындап келеді. Біздің жүк тиелген машинамыз осы беттегі үйдің тасасында тұрған. Сәл босаңсысақ, олар машинаны басып алуы мүмкін. Жағдайымыз ауырлай түсті. Шұғыл шешім қабылдамаса болмайды.– Жауынгер Тәліпов, дереу үйдің тасасымен жаудың оң жағына шық та, автоматтан оқ жаудыр, граната лақтыр! – деп бұйрық бердім.Тәліпов шапшаң қимылдап, дұшпанға күтпеген тұстан оқ боратты, беліне қыстырып алған гранаталарды лақтырып, естерін шығарды. Тағы да бірнеше фашист жер жастанды. Күтпеген жерден берілген соққы нәтижелі болды. Жаудың екінші шабуылы да сәтсіздікке ұшырады. Жау есеңгіреп қалған сияқты. Бірақ, оларға машина, оқ-дәрі керек. Үй тасасында жатқан офицердің берген бұйрығы бізге естіліп тұр. Дұшпан қайта топтасты да, тағы шабуылға көтерілді. Жүгіре басып, автоматтан оқ жаудырып келеді. Арамыз бара-бара жақындай түсті.  Уақыт өткен сайын олардың қатары да сирей түсуде, бірақ, фашистер оған қарайтын емес. Менің оң аяғымнан оқ тиіп, етігімнің іші қанға толып кеткенін байқап жатырмын. Аяғымды қимылдатсам, сүйегім аман сияқты. Бірақ таңып алуға мұрша жоқ. – Граната әзірлеңдер! – деп бұйрық бердім қалған жауынгерлерге.Дәл осы сәтте шофер Кардаш жаудың ірі калибрлі пулеметін тауып әкеліп, қатарымызға жатты. Бұл бізге көмек болды. Мен пулеметті дереу орнатып алдым да, оқ жаудырдым. Пулемет оғы фашистерге бас көтертер емес. Бірақ, оқ таусылуға жақын. Бізден тағы екі жауынгер қатардан шықты, не бары бес-ақ адам қалдық.  Байқаймын, сан жағынан артықтығы болмаса, олардың жағдайы да мәз емес. Осындай қиын сәтте артымыздан дивизияның зеңбірек сүйреткен екі машинасы келе қалды. Олар дереу машинадан түсті де, қарсы ұрыс салды.  Онсыз да қалжыраған жау қарсыласуға шамасы келмей қолдарын көтерді. Тірі қалған жиырма солдат, үш офицер қолға түсті. Кешке қарай Могилев қаласы жаудан толық азат етілді. 1944 жылғы 28 маусымда Москвада Белоруссияның облыс орталығы, немістердің Минск  бағытындағы аса ірі қорғаныс торабы – Могилев қаласын және басқа да қалалар мен селоларды азат еткен 2-Белоруссия майданының ер жүрек әскерлерінің құрметіне 224-зеңбіректен 20 дүркін салют берілді. Бұл аса зор жеңісі үшін көптеген жауынгерлерге үкімет наградалар тапсырды. Солардың ішінде жауынгер Тәліповке «Ерлігі үшін» медалі, маған екінші рет Қызыл Жұлдыз ордені берілді». Бұл – кітаптан алынған үзінді. Әкеміздің қарулас достарының ерлігі жайлы жан сыры. Қайран әке, омырауына тағылған төрт орден мен 15 медаль – жауынгерлік міндетіңізді адал  атқарғаныңыздың, арына қылаудай дақ түсірмеген азамат екеніңіздің белгісі екен-ау. Жылдар өте жасымыз ұлғайған сайын, әке алақанының ыстығы мен қамқорлығы, кеңесі мен айтылған жылы сөздері сағынышпен жиі-жиі еске оралады. Қазіргі ұрпақтары – немере-шөберелері үшін атаның тарихта өзіндік із қалдырған, еліне сыйлы да қалаулы азамат болып ғұмыр кешкені отбасымызда әрдайым әңгімеміздің өзегі мен түйіні болып қала бермек. Бағдагүл Сәлменова,келіні. Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар