1941 жылы соғыс бұрқ ете қалғанда Болатбек 12 жаста болатын. Балалығы сұрапыл жылға тап келген ол ерте есейіп, тыл еңбегіне бірден араласып кетеді. Соғыс басталған жылдары Крупская техникумын токарь мамандығы бойынша бітірген жасөспірім 1943 жылы Қарағандыға ФЗО-ға жұмысқа жіберіледі. Мұнда майдан даласына снаряд жасалады екен. Арнайы құрылғыда аяғынан тік тұрып, тәулігіне 12-14 сағат жұмыс істеген. Фашистерді жеңуіміз үшін зымыран ауадай қажет. Болатбек цехтың озат жұмысшысы болды. Есімі үш жыл бойы «Құрмет тақтасынан» түспейді. Болатбектің бұл еңбегі, соғысқа тәулігіне жүздеген дана снаряд дайындауы майданда жүргендердің тәуекелінен кем емес шығар.
Бөкең еңбек даласында талмай тер төкті. Ұлы Жеңістен кейін кеңшарлардың шеберханасында токарь болып еңбек етті. Кеңшар жұмысына жегілген техниканың қажетті бөлшектерін жасап, жөндеп, қайнап жатқан жұмыстың тоқтамауына ықпал етті. Арнайы курстан өткен соң, тракторды да тізгіндеді. Кеңшар экономикасының дамуына еселі үлес қосты. Ал кеңшарда жүгері егіп, оны күтіп-баптауда Болатбектің еңбеккештігіне ешкім жете алған жоқ. Кейіннен Талас ауданы, «Ойық» кеңшарында мал фермасына да басшылық жасады. Кеңшар директоры Әнуарбек Тәжімбетов шыңдалған еңбеккерге сенім артты. 14 жыл аға шопан болды. Ол кезде де төл алудан әріптестерінің алдында жүрді. Озат еңбегі үшін кеудесіне медаль тақты. 1992 жылы 63 жасында өмірден озды. Артында асыл жары, төрт ұл, үш қызы қалды. Олардан өсіп-өнген ұрпақ – көңілге қуаныш. 15 немере, 14 шөбересі атаның өнегесімен жақсы үлгі алған. Болатбек еңбеккер ұл-қыздарына жақсы білім алып беруді де ұмытқан жоқ. Үлкені Мейірхан Байзақ ауданында ұзақ жыл прораб қызметін атқарды. Сәкені – Талас ауданы, Ойық ауылының Қонаев атындағы орта мектебінде мұғалім, ауданға белгілі әнші-өнерпаз. Ұлы Жеңістің жақындауына үлес қосқан, от пен оқтың ортасында жүрмесе де, жауға атылатын оқты дайындаған тыл ардагері Болатбек Батырбековтің бейбіт күндегі ерліктері, еңбектері көпшілікке үлгі боларлықтай. «Жақсының аты өлмейді» деген – осы. Өмірден озғанына ширек ғасырға жуық мерзім өтсе де, Бөкеңді жерлестері ерекше мақтан етіп, есімін ұмытпай еске алады. Оның еңбегін ұрпақтары да, немере-шөберелері орынды мақтан етеді. Бейбіт күндегі еңбегін әлі күнге замандастары, еңбектес әріптестері өнеге етіп айтып отырады. Осынау Жеңіс күні тылда жүріп тер төккен Болатбек Батырбеков сынды жүздеген еңбеккеш адамдардың еңбегін де еске алып, Ұлы Жеңіске қосқан үлесін айта кету – парыз.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді