«Тараз» футбол командасына айтар ұсынысым бар. Мен өз командама 49 жылдан бері жанкүйер болып келемін. «Тараз» өз алаңында да, сырт алаңда да қатарынан ұтып жатса, әйелім ұл тапқандай қуанамын. Сүйікті командам қонақта да, үйде де ұтылып жатса, жақынымнан айырылғандай (әке-шешем өлгендей) күндіз-түні көңіл күйім соқпай, қайғырамын. Биыл 69 жасқа толып отырмын. Бірақ, соңғы жылдары «Тараз» футбол клубына өкпелімін. Өз алаңында да, сырт алаңда да ұтыла беретіні жанымды жегідей жейді. Мұның сыры неде? «Тараз» футболшыларында намыс, ұят деген қасиеттер жоқ па? Жылда үміттенеміз, жылда үмітіміз ақталмайды. Енді биыл да «Тараз» жеңілістен көз ашпай келеді. Команданың басына қиын жағдай туып отыр. Бұның сыры неде? Мен ойымды ашық айтайын деп отырмын. «Таразда» ойнап, енді жақсы көріне бастаған ойыншыларды басқа облыстың футбол клубтары аяқ-қолын жерге тигізбей қағып алып кетеді. Өзімізде нашар ойнайтын ойыншылар қалады. Осы жағдайды тоқтату керек. Жақсы ойнайтын жергілікті ойыншылар тек «Тараз» клубында доп тебулері керек. Сөйтсек қана «Тараз» жоғары орындарға көтеріледі. Спорт саласының басшылары, футбол клубының президенті, бас бапкер қалайда «Тараз» командасын жақсы, алдыңғы орындарға көтеруі тиіс. Сонда ғана жанкүйерлер риза болады. Мен сықылды «Тараздың» әр ойынын көріп, «күйетін» адамдардың көңілі орнына түседі. Әйтпесе намыстан өртеніп, «өлетін» болдық.
Әшен Қырғабақұлы, зейнеткер.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




