«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үш мыңнан астам адам тамашалады

Үш мыңнан астам адам тамашалады
ашық дереккөз
Үш мыңнан астам адам тамашалады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мирболат Аюпов, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қорының Бас директоры Санжар Кеттебеков, американдық Сars.com интернет-порталының негізін қалаушылардың бірі, «NewEggNorthAmerica» компаниясының Бас директоры Роберт Беллак, «MuckerLab и MuckerCapital» компаниясының негізін қалаушы, «Harrison Metal Capital» егістік венчурлық қорының басқарушысы Эрик Ранналдың қатысуымен брифинг өтті. Жиынның тақырыбы Астанада биыл екінші рет өтіп отырған ASTEX – 2014 халықаралық көрме-конференциясының қорытындысына арналады.

«ASTEX екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Көрменің алғашқы күнінен-ақ нәтиже көріп отырмыз. Қайда ұмтылуымыз қажет екенін білдік. Біз көрмеге мұндай қызығушылық болады деп күтпеген едік. Шараға 3200 адам келді. Оған өте беделді спикерлерді тарттық. Олардың қатарында Сars.com интернет-порталының негізін қалаушылардың бірі, «NewEggNorthAmerica» компаниясының бас директоры Роберт Беллак мырза да бар. Олар Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауыз толтырып айтарлық жетістікке жету үшін мүмкіндігі зор екенін атап өтті», – деді Санжар Кеттебеков. Брифингке жиналғандардың айтуынша, көрме конференцияда 41 спикер сөз сөйлеп, 42 компания ұсынылған. Сондай-ақ, 9 толық сессия, 2 шеберлік көрсетілім, 3 дөңгелек үстел, 17 екі жақты кездесулер ұйымдастырылған. «ASTEX-2014» көрмесін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі және «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қоры» ұйымдастырып, өткізді. Шара барысында электрондық коммерция және логистика, электрондық бизнес саласындағы инновациялық өнімдер, B2C және B2B-де ақпараттық коммуникациялық технология саласын дамыту мәселелері талқыланып, голографиялық визуалдаудың соңғы технологиялары, 3D-принтерлер мен АКТ саласындағы өзге де жаңашылдықтар ұсынылды.

Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар