Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті жиында Еуразиялық Экономикалық одақ және еліміздің сыртқы сауда саясатына қатысты келелі әңгіме қозғалды. Қазақстанның Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан мемлекет ретінде интеграциялық үдерістерге қатысуы өте маңызды. Осы бағытта белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жөнінде ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметi департаментi директорының мiндетiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлімдеді.
«Бiз елімізге дәстүрлі бағыттармен қатар, алыс шетелдермен ынтымақтастық бағытын тереңдетіп келеміз. Қазақстан Еуроодақпен жаңа келiсiмдерге қол жеткiзген Орта Азиядағы жалғыз ел. Еуропалық Одақпен серiктестiктi және ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келiсiмдер бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінде біз Кедендік одаққа мүше Беларусь, Ресей елдерімен бірге Вьетнам, Жаңа Зеландия, Норвегия, Исландия, Швейцария, Лихтенштейн сынды мемлекеттермен еркiн сауда аймағын құру туралы келiссөздер жүргізіп келеміз», – дедi Әлия Әлiмбетова.Оның айтуынша, бұл мемлекеттермен еркiн сауда аймағын құру еліміздің бәсекелестік әлеуетін арттырып, фармацевтика, өндірістік инжиниринг секілді салаларда отандық және шетелдік кәсіпкерлер ынтымақтастығын тереңдете түседі. Сондай-ақ, жаңа инвестициялар тартылып, сыртқы сауда қызметi дамиды.
Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




