Индустрияландырудың екінші бес жылдығы: қанша қаржы қажет?
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2014
- 753
Орталық Коммуникациялар қызметінің кезекті мәжілісінде 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы жайлы сөз болды.
«Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына 6,6 триллион теңге қажет». Жиында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев осылай деді. Оның сөзіне қарағанда, «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда негізгі қаржы агенті ретінде айқындалған. Холдинг екінші бесжылдықтың қаржылық көлемін өткен жылдың күзінде нақтылап қойған. Сонымен қатар, басқарма төрағасы: «Сол уақытта ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалпы бағалау алдағы бесжылдыққа 7 триллион теңге деңгейінде белгіленген еді. Бүгін түрлі талқылаулардан кейінгі стратегияда қаржылық ресурстың қажетті деңгейі шамамен 6,6 триллион теңге көлемінде айқындалды», – деп атап көрсетті.
Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




