«Әулиеата» шөген клубы республикалық турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді
Тараз атшабарында шөгеннен (ат полосы) республикалық турнир өткізілді. Қазақстан шөген федерациясы мен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырған аламан тартысқа толы болды. Додаға Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының шөген федерацияларына қарасты командаларымен қатар, жамбылдық «Әулиеата», астаналық «Astana polo klub» командалары қатысып, дода көркін қыздырды. Айтулы аламанға Қазақстан шөген федерациясынан мәртебелі меймандар келді.
Жарысты алматылық командаға қарсы бастаған «Әулиеата» спортшылары арғымақтың үстінде өздерін еркін сезініп, қарсыластарынан анағұрлым мықты екендіктерін дәлелдей білді. Қорытынды есеп – 8:1 «Әулиеата» командасының пайдасында. Бұдан соң Қарағанды облысынан келген команданы 10:1 есебімен ойсырата ұтқан оңтүстікқазақстандықтар жамбылдықтарға қарсылас атанды. Бұл ойында жерлестеріміз шеберліктері басым екенін тағы да айқындап, 4:1 есебімен басымдық танытты. Доданың соңғы күнінде «Astana polo klub» командасына қарсы алаңға шыққан әулиеаталықтар өте тартысты өткен кездесуде қарсыластарына 3:4 есебімен жол беріп, күміс жүлдені қанжығаға байлады. Ал жарыс жеңімпаздары болып «Astana polo klub» командасы танылса, үздік үштікті оңтүстікқазақстандықтар қорытындылады. Командаларға қаржылай сыйлықтар мен кубоктер тапсырылды.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




