Кәсіпқой бокстағы тараз аруы
Арулар да кәсіпқой рингті бетке алды. Әуесқой бокста бірқатар жетістіктерге қол жеткізген жамбылдық боксшы қыз Фируза Шарипова өз бағын кәсіпқой рингте сынап көрмек. Ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын Александр Поветкин мен Деонтей Уайлдердің бокс кешінің аясында шаршы рингке шықпақ.
Таяуда ғана отбасын құрған Фируза бұл қадамға барып, бапкері екеуі келісіп шешім қабылдағанын айтады.
Жамбылдық боксшы алғашқы кездесуін ресейлік тәжірибелі спортшы Софья Очигаваға қарсы өткізбек. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін Еуропа, екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізген боксшымен қолғап түйістіру оңайға соқпасы анық. «Қорқыныш, үрей бойымды билеп жүрген жоқ. Бұл кездесуден үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Оның үстіне бұл кездесу үлкен деңгейде өтеді. Толқып жүргенім рас» дейді жерлесіміз өз ойымен бөлісіп.
Кәсіпқой боксқа ауысқан жамбылдық былғары қолғап шеберіне жеңістерің көп болсын демекпіз.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




