Аcфальт зауыты алдағы шілде айында пайдалануға беріледі
- author «Ақ жол»
- 22 мамыр, 2014
- 971
Тараз қаласындағы Сәтбай Қожамқұлов жетекшілік ететін «Компания инвест Тk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мойынқұм ауданы Хантау ауылы жанынан екі гектар жерден 67 миллион теңгенің асфальт зауытының құрылысын бастады.
Жылына 30000 тонна ыстық-суық асфальт-бетон қосындысын шығаратын өндіріс орны шілде айында іске қосылады. Құрылыс жұмыстарына тартылған 20 жұмысшының дені жергілікті тұрғындар. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауданға жасаған жұмыс сапарында асфальт зауытының бүгінде ауылшаруашылығымен қатар, өндірісті өңірге айналған ауданға қажет екенін, кәсіпорынның шығарған өніміне сұраныс мол болатынын атап көрсеткен еді. Енді, міне, бір айға жетпей пайдалануға берілетін зауыттың өнімін басқа аймақты айтпағанның өзінде жөндеу жұмыстары басталған «Бірлік-Ұланбел», «Мирный-Қияқты» жолдары мен ауыл іштеріндегі көшелерді жөндеуге пайдаланатын болады.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қарызды уақтылы қайтару – садақа беруден де жақсы
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




