Үрей мен құпия, қорқыныш пен қызығушылыққа толы «Бассыздар алқабы» ХІХ ғасырдың соңында ғана белгілі бола бастады. 1898 жылы алты алтын іздеуші Канада каньонына қазына іздеу мақсатымен сапарға шығады. Оларды көрген жергілікті үндістер бұл өңірдің қауіпті екендігін, адам жанын түршіктірер оқиғалардың болғандығын айтып ескертеді. Бірақ, айтқан сөзге құлақ түрмеген алтау жазық далаға аттанып кетеді. Олар сол кеткеннен із-түссіз жоғалып кетті. Сол күннен бері ол аңғарға бастан-аяқ қаруланып кірген жанның өзі тірі келмейтін болды. Тап бір адамды жұтып алатын секілді... Бәрін айт та бірін айт, кейде өлім орнынан адамдардың бастарының табылып жататындығы естіген жұртты дүр сілкіндірді. «Қарғыс атқан» жерге таяу орналасқан ауыл тұрғындары қорқынышты оқиғалардың себепкері - қар адамы дегенді айтады. 1978 жылы осы жұмбақты шешу мақсатында доктор Хэнк Мортимердің экспедициясы өз жұмыстарын бастайды. Топта соңғы техникалық құрылғылармен жабдықталған алты адам болды. Жолға шыққан қызметкерлер межелі жерге жақсы жеткендігін, шатыр құрғандарын хабарлайды. Ал кешкісін радиодан: «Кеткендерден хабар жоқ. Үнсіздік...» деген суық хабарлар таратылады. Дабыл қағылып, сол сәтте әскери бөлім оқиға орнына аттанады. Шатырдың да, экспедиция мүшелерінің де жердің астына түсіп кеткендей ізі қалмаған екен. Алты күн өткен соң олардың бірінің бассыз жатқан денесі табылады. 1997 жылдың наурыз айында «Бассыздар алқабына» құрамында ең үздік мамандар, ең мықты ғалымдар, әскери адамдар жиналған халықаралық экспедиция аяқ басады. Бір сұмдықтың боларын алдын ала сезген топ барлық қауіпсіздік шараларын ұстанады. Басында бәрі тыныш, бәрі жақсы еді. Алайда, үшінші күн өткенде радиограммаға айналаны түк көрінбейтін тұман басып жатқандығы туралы хабар түседі де, байланыс мүлде үзіліп кетеді. Тұман басылғанда алқапқа тікұшақтан зерттеу жүргізіліп, ешбір із, ешбір айғақ таба алмайды. Зерттеу жұмыстары мұнымен біткен жоқ. Бүгінде үрейлі мекенге ғарыштан бақылау жүргізіліп отыр. Десе де әлі күнге дейін ештеңе анықталмады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді