«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Белдескенін жыққан барыстар

Белдескенін жыққан барыстар
ашық дереккөз
Белдескенін жыққан барыстар
«Қазақстан барысы» додасына жамбылдан Айбол мен Дәулетхан барады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысына Тараз қаласынан және аудандардан кіл «сен тұр, мен атайын» дейтіндей 22 балуан қатысты. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күрес ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырған жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Ерғали Омаров балуандарға сәттілік тіледі. Аламан қордайлық Жасур Жалелов пен шулық Нұран Сауранбаев арасындағы белдесумен басталып, жеңіске Жасур жетті. Алайда Жасур 1/8 финалда тараздық Айбол Айтбекке жол берді. Таластық Айдос Теңгебаев мойынқұмдық балуан, қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы Бегімхан Әділбековті таза жеңсе, түбі таластық Дәулетхан Жақып Нұрсұлтан Райқұловты (Жуалы), Дәулет Пахридинов (Жамбыл ауданы) мойынқұмдық Абай Ерболұлын қапы қалдырды. Айбол Айтбек ширек финалда самбо күресінен спорт шебері Аманғали Жартыбаевты жеңсе, Дәулетхан Жақыпов өзінен 45 келі ауыр (135 килограмм) Жамбыл Тұрғыналиевты таза ұтты. Жартылай финалда Айбол Айтбек Айдос Теңгебаевтан басым түссе, Дәулетхан Жақып Дәулет Пахридиновты ұтты. Ақтық сында Дәулетханды ұтқан Айбол Айтбек облыстық іріктеу жарысының жеңімпазы атанды. Алайда, екінші орынды еншілеген Дәулетхан Жақып та «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысатын болады. Жүлделі үшінші орындарды Дәулет Пахридинов пен Айдос Теңгебаев иеленді.

Табиғат Абаилдаев, Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар