21 сәуір күні Грекия елінің Олимп тауы етегінде орналасқан Гера храмының ашық алаңында XXXI жазғы олимпиалық ойындарының алауы тұтатылды. Салтанатты шара барысында аталмыш елдің актрисасы Катерина Лехоу абыз әйелдің рөлін сомдап, ежелгі дәстүр бойынша күн сәулесінің қызуы арқылы символикалық тұрғыда мәні зор құтыға от жүгіртті. Мұнан соң алауды алып жүгіруге арналған дәстүрлі эстафета жолға шықты. Шараны гректің 25 жастағы гимнасты Элефтериос Петруниас бастап берді. Грекияны әр қиырын алты күн бойы шарлайтын алауды жеркілікті спортшылар алып жүретін болады. Эстафета 27 сәуір күні ел астанасы Афины қаласына жетіп, Рио 2016 Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің делегациясына салтанатты жағдайда тапсырылмақ. Содан соң олимпиалық ойындарының алауы өзінің 100 күндік сапарын бетке алады. Ол Бразилия аймағына 3 мамырда жеткізіледі деп күтілуде. Елдің барлық қиырын ұзақ уақыт аралайтын алау барлық штаттардағы 500 елді мекенді басып өтпек. 5 тамыз күні сапар аяқталып, Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионына Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде жеткізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




